Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2017

4 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

4 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

9 желтоқсан күні Маңғыстау облысында қар жауып, боран тұрып, көктайғақ болады. Солтүстік батыстан жел соғып, күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Осы күні Оңтүстік Қазақстан облысының тауларында қалың қар түсуі ықтимал. Онда тәулік бойы тұман түсіп, көктайғақ болып, оңтүстік батыстан жел соғады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

9-15 желтоқсан аралығында Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түседі.

9 желтоқсан күні Қостанай облысында боран болып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болады.