Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2017

Таразда жаңа шағын аудандар салынады

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таразда жаңа шағын аудандар салынады, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Таразда жаңа шағын аудандар салынады

Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымовтың қатысуымен өткен қала құрылысына қатысты жиында салынатын жаңа аудандар мәселесі көтерілді.

Жаңа 14 және 15-інші шағын аудандар облыс орталығына жаңаша сәулеттік көрік беріп тұр. 14-інші шағын аудан автовокзал ауданында, ал 15-інші Сүлейменов көшесінің соңында орналасады. «Жалпы алғанда, 350-ге жуық көп қабатты тұрғын үй құрылысы жоспарланған. Сондай-ақ, медициналық, спорттық, білім және қоғамдық нысандардың құрылысы жүзеге асырылмақшы», - делінген хабарламада.

Нақты жоспарлар жобасына сәйкес, 14 шағын ауданының аумағында ойын-сауық сауда орталығы мен спорттық-сауықтыру кешені, балабақша, жалпы білім беретін мектеп, балаларды оңалту орталығы, емхана, 200 орындық онкологиялық диспансер, екі диагностикалық орталық, қонақ үйлер, кеңселер мен мейрамханалар, жиһаз және құрылыс гипермаркеттері, «Барлығы үйге арналған» дүкені, неке сарайы, алаңдар мен саябақтар, қоғамдық көлік аялдамасы, демалу мен серуендеуге арналған жағажай салынбақшы.

Бұдан өзге, болашақтағы 15-інші шағын ауданы орнында типтік жобалар бойынша жеке тұрғын үй құрылыстары үшін 922 жер учаскесі бөлінген. Әрбір жеке тұрғын үйдің ауданы 125,116 және 80 шаршы метрді құрайды. Қазірдің өзінде инженерлік желілер мен келесі жылы пайдалануға берілетін 80 пәтерлі жеті тұрғын үйдің құрылысы басталып кетті. Отырыс барысында 32,7 мың адамнан тұратын тұрғындар үшін екі өрт сөндіру депосын салу қарастырылғандығы айтылды