Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2017

Елдіктің еңсесін тіктеген елордаға – 20 жыл

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың Астана қаласына көшуінің 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Елдіктің еңсесін тіктеген елордаға – 20 жыл

Қазақстан Президенті Астананың іргесін қалауға алғашқы болып атса­лысқан азаматтармен кездесті. Мем­лекет басшысы ЭКСПО конгресс-орта­лығы ғимаратында елорданың Астана қала­сына көшуінің 20 жылдығына арнал­ған «Президент және Астана» атты фото­көр­мені аралап көрді.

Елбасы фотокөрме жұмысымен таныс­қан соң, осы мерекеге арналған отандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының салтанатты концертін көруге барды.