Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2017

Серікбай қажы Оразұлы Бас мүфти болып сайланды

549 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы төрінде Қазақстан мұсылмандарының кезекті сегізінші құрылтайы өтіп, діни басқарма басшылығындағы бірқатар ауыс-түйістер алқалы жиынның басты жаңалығына айналды. Соңғы бес жылда еліміздің бас мүфтиі қызметін атқарып келген Ержан қажы Малғажыұлы өз еркімен қызметінен кетіп, орнына еліміздің бас мүфтиі  болып Серікбай қажы Оразұлы сайланды. 

Серікбай қажы Оразұлы Бас мүфти болып сайланды

Құрылтайды ашып берген елі­міздің Дін істері және азамат­тық қоғам министрі Нұрлан Ер­мекбаев аталған басқосу Діни бас­­қарманың өзекті мәселелер ту­ралы ашық әрі шынайы әңгіме құ­руға және алдағы бес жылға ар­нал­ған міндеттерін  нақты ай­­қындауға жақсы мүмкіндік болатынына сенім  білдіретінін айтты.

Басқосу барысында Серікбай Ораздың кандидатурасын Ер­жан Малғажыұлы ұсынды. Елі­міздің әр түкпірінен келген ­300-­­ден ас­там делегат бұл ше­шім­­­­ді бір­ауыз­дан қолдап, сенім біл­­­­дірді. Осы­лайша, Серікбай қажы Ораз­­­ұлы  алдағы бес жыл­­да бас мүф­­­­ти  қызметін атқа­ратын бола­ды. Ал жаңа мүф­тидің орынба­са­ры лауазы­мына  Наурызбай қа­жы Тағанұлы, Бауыржан Ес­ма­ханов, Алау Әділбаев та­ға­йын­далды. Құрылтайға Қа­зақ­стан мұсылмандары діни бас­қар­масының төралқа мүше­лері, Ғұ­ла­малар кеңесінің мүшелері, тео­лог-ғалымдар, зиялы қауым өкіл­дері мен әр облыстан келген құрылтай қонақтары қатысып, жа­ңа дінбасының қызметіне толайым табыстар тіледі.

Астана қаласы әділет депар­та­менті діни істер бөлімінің бас­ маманы, мемлекеттік қыз­мет іс­тері агенттігінің аға қыз­мет­­кері, Пре­зидент Іс басқар­ма­сының әкім­шілік ғимараттар дирек­ция­сының директоры сияқ­ты бірқатар жауапты қыз­меттерде болған Серікбай Ораз­ұлы 2013 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Әзірет Сұл­тан» мешітінің бас има­мы­ және наиб мүфти қызметін ат­қарып келген еді. Ал бұған дейін бас мүф­ти лауазымында болған Ер­жан қа­жы Малғажыұлы  Ал­матыдағы «Нұр-Мү­бәрак» Қа­зақ­­стан-Египет ислам уни­вер­ситетіне бас­шылық қыз­метке баратыны мәлім болды.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ