Бағдарламалар • 11 Желтоқсан, 2017

Өскеменде бағасы қолжетімді баспаналар сатыла бастады

787 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өскеменде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдар­ламасының «Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру» бағыты бойынша салынған ең алғашқы көп пәтерлі тұрғын үйді сату келісімшарты жасалды. 

Өскеменде бағасы қолжетімді баспаналар сатыла бастады

Маңызды құжатқа «Қа­зақстанның тұрғын үй құ­рылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының басшысы Нұрлан Күзембаев пен «Восток-Клио» ЖШС директоры Вячеслав Тар­найкин қол қойды.Тоқсан бес пәтерлі, бес қабатты жаңа үй Күленов шағын ауданында бой көтерген «Ривьера Резиденс» тұр­ғын үй кешенінде орна­ласқан. Ерекше сәулетімен көз тартатын зәулім ғи­марат алаңында бірнеше спорт және ойын алаң­да­ры, автотұрақ, се­нім­­ді қауіпсіздік жү­йе­сі,­ дәріханалар мен нау­байхана, супермаркет, банк бөлім­шелері ашылып, ке­шен тұрғындары үшін ба­рынша қолайлы жағдай жа­салған. Бүгінде аумағы 46 шаршы метрден 242 шаршы метрге дейін жететін бір, екі, үш, төрт бөлмелі пәтерлер сатыла бастады. «Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ын­таландыру» бағытын жүзеге асыруға үш тарап қа­тысып отыр. Екінші дең­гейлі банк жеке құрылыс салушы «Восток-Клио» ЖШС-ге жеңілдікпен несие береді. Өйткені халықтың әр санатының тұрғын үй мәселесін кешенді шешу мақсатында Елбасының тапсырмасымен қолға алын­ған осы бағдарламаның аясында мемлекет «Даму» қо­ры арқылы жеке құ­рылыс салушылардың не­сиелері бойынша сыйақы мөл­шерлемесінің 7 па­йызын субсидиялап отыр. Мұның өзі салынған тұрғын үйдің шаршы метрінің құнын төмендетуге мүм­кіндік бер­ді. Мәселен, атал­ған үй­­дің нарықтағы бағасы шаршы метріне 200 мың теңге болса, ұсынылып отыр­ған баспананың шаршы метрі – 175 мың теңге. «Қа­зақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың облыстық филиалы бұл пәтерлердің 50 па­йызын өз салымшыларына ұсынады. Тұрғын үй ресімдеуде аза­маттардың жасына қара­майды. Үй құнының 30 па­­йызын төлеп, әрі қарай не­сие төлеуге жалақысы же­тетін болса, кез келген аза­мат баспана ала алады.

Өңірімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының саны 78 мыңнан асты. Бү­гін­гі таңда банктен шот ашуға жеңілдік жасалып, тегін жүргізіліп жатыр. Шотқа белгілі мерзімге де­йін қаржы жинаған соң салым­шыларымыз ипотека ғана емес, сонымен қатар жеке үй салуына, баспанасын жөндеу жұмыстарына қажетті несиені банктен арзан пайызбен ала алады. Жыл соңына дейін 1142 салымшы өз баспаналарының кілтіне ие болады. Ал 2018 жылы тағы да 1 мыңнан астам пәтер салымшыларға ұсынылады», дейді облыс­тық филиал директоры Н.Күзембаев.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН