Қазақта қастер тұтпас жол бола ма?
Ұрпақсыз ұлт арқауы жалғана ма?
Атаның асыл тегін өшірмейтін –
Иесі шаңырақтың кенже бала.
Болғанда қызың – өріс, ұлың – кеніш,
Ұл – ошақ, қызыңызды гүлім деңіз.
Қашаннан ұл – ұяда, қыз – қияда,
Өмірде қалатұғын жырым деңіз!
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»
Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»