Президент • 11 Желтоқсан, 2017

Елбасы қылмыстық процесс туралы заңға қол қойды

521 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Елбасы қылмыстық процесс туралы заңға қол қойды

Заң Мемлекет басшысының заң шығару бастамасы тәртібінде қабылданды және Қылмыстық-процестік кодекске, «Жедел-iздестiру қызметi туралы» және «Прокуратура туралы» заңдарға түзетулерді көздейді, олар мыналарға:

- қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарының қорғалуын күшейтуге және қылмыстық процестің қайталануын азайтуға;

- қылмыстық процесте, оның ішінде адвокаттардың құқықтарын кеңейту есебінен жарыспалылықты арттыруға;

- сотқа дейінгі сатыда соттың бақылауын кеңейтуге;

- процестік өкілеттіктерді нақты бөлуге;

- қылмыстық процесті жеңілдетуге және үнемділікпен жүргізуге бағытталған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.