Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2017

Захар Бочиннің 3-дәрежелі Даңқ ордені ұлына табыс етілді

770 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда Захар Бочиннің 3-дәрежелі Даңқ ордені ұлы Виктор Бочинге  табыс етілді. 

Захар Бочиннің 3-дәрежелі Даңқ ордені ұлына табыс етілді

Жуырда Достық үйінде ерекше жиын өтті. Марапаттау рәсіміне Ресейдің Өскемендегі Генералды консулдығының атташесі Даниил Лапач қатысты. Марапат куәлігін тапсырған консул өкілі Захар Бочин де, оның ұлы Виктор Бочиннің де Отан соғысының тарихын жас ұрпақ арасында насихаттап жүргенін айтып өтті.

Осыдан 20 жыл бұрын облыс орталығындағы Славян мәдени орталығы «Вахта памяти» атты жобаны бастады. Бірлестік мүшелері 1941-1945 жылдардағы құжаттарды іздестіруге, тарихты сақтауға және ұрпақ арасында насихаттауға өздерінің үлестерін қосуда. Бірлестік төрайымы  Татьяна Кузинаның айтуынша көптеген майдагерлер  өздеріне арналған марапаттардың бар екенін біле алмай кетті. Соғыс уақыты, майданның бір шебінен екінші шебіне ауысу, госпитальдер, хабарсыз кеткендер, бірақ наградалардың бұйрықтары архивтерде сақталды. Майданға қатысқандардың ұрпақтары үшін осы наградалардың куәліктерінің көшірмелерін жасау мүмкіндігі туды. 

Енді міне, Отан соғысының ардагері З.Бочиннің ордені ұлына табыс етілді.

– Ленинградтағы ауылшаруашылық институтын бітірген менің әкем Павлодар облысына көшіп келеді. Әкеміз 1943 жылы ол майданға аттанған кезде үйде 3 бала қалдық. Әкем соғыстан оралған соң, тағы да 6 баласы дүниеге келеді. Көп жылдар өңірінде зоотехник болып еңбек етті. 1979 жылы қайтыс болды. Бүгінгі күн біздің әулет үшін ерекше күн, - деді Виктор Захарович. Награданың бар екендігі «Подвиг народа» сайты арқылы анықталыпты.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген Мақсат айтбай

Павлодар