Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2017

Солтүстік Қазақстан полицейлері хапкидо жауынгерлік өнерін меңгерді

116 реткөрсетілді

Солтүстікқазақстандық полицейлер хапкидо жауынгерлік өнерінің базалық әдістерін меңгеру  дайындығынан өтті. Оны  «Ер Нұр & Ника» қазақ-кәріс достығының қоғамдық қоры мен  Оңтүстік Кореядан келген меймандар ұйымдастырды.

Мұндай форматтағы семинар өңірде  алғаш рет өткізілді.  Оған полиция қызметкерлерінен бөлек басқа да құқық қорғау органдарының  қызметкерлері қатысты. Өткен ғасырдың орта тұсында пайда болған спорттың бұл түрін үйретуге Бүкіләлемдік хапкидо федерациясының президенті, орта салмақтағы ММА бойынша әлемнің экс-чемпионы Ли Гак Су және шығыс жекпе- жегінің шебер Ким Джун Ёнг келді.

«Бұл – қазақ-кәріс қоғамдық қоры атқарған сан-салалы жұмыстардың бірі ғана. Халықаралық деңгейдегі шеберлік сабақтарында құқық қорғау органдарының қызметкерлері  жақсы қырларымен таныла білді», - деді  облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет өз сөзінде.

«Ер Нұр & Ника» қазақ-кәріс достығы қоғамдық қорының президенті Игнатий Тё, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин, танымал боксшы Серік Нұрқазов, ОІІД бастығы Берік Біләлов мұндай жиындар  қызметкерлердің әлеуетін кеңейтуге зор мүмкіндіктер беретінін атап өтті. Тез әрі дұрыс шешім қабылдау, өзіндік тәртіп пен шыдамдылық полиция мамандығын айшықтайтын басты қасиеттер саналады. Ал, жауынгерлік өнер бұл қасиеттерді нығайтуға септеседі.

Семинар соңында Бүкіләлемдік хапкидо федерациясының президенті Ли Гак Су 42 қызметкерге сертификат табыстады. Олардың 20-сы – жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері, бесеуі – арнайы даярлық басқармасының инспекторлары. Мұндай құрметтерге мамандандырылған күзет қызметі басқармасының,қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері де ие болды.

Өмір Есқали.

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • Кеше

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Кеше

Майдан тудырған сөз

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар