Футбол • 11 Желтоқсан, 2017

Бүгін «Астананың» Еуропа лигасындағы қарсыласы белгілі болады

323 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін УЕФА-ның штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жеребе тартылады. Салтанатты жиын Швейцарияның Ньон қаласында өтеді.

Бүгін «Астананың» Еуропа лигасындағы қарсыласы белгілі болады

Чемпиондар лигасының жеребесінде командалар топтық кезеңдегі орындарына байланысты екіге бөлінеді. Бірақ топтық кезеңде бір квартетте өнер көрсеткен клубтар 1/8 финалда бір-біріне қарсылас атанбайды.

Алғашқы жәшікке бірінші орын алған «Манчестер Юнайтед» (Англия, Манчестер), «Пари Сен Жермен» (Франция, Париж), «Рома» (Италия, Рим), «Барселона» (Испания, Барселона), «Ливерпуль» (Англия, Ливерпуль), «Манчестер Сити» (Англия, Манчестер), «Бешикташ» (Түркия, Ыстанбұл), «Тоттенхэм» (Англия, Лондон) командалары орналасады.

Ал екінші жәшікке топтық кезеңде екінші орынға тұрақтаған «Базель» (Швейцария, Базель), «Бавария» (Германия, Мюнхен), «Челси» (Англия, Лондон), «Ювентус» (Италия, Турин), «Севилья» (Испания, Севилья), «Шахтер» (Украина, Донецк), «Порту» (Португалия, Порту), «Реал» (Испания, Мадрид) клубтары енді.

Астана уақыты бойынша Чемпиондар лигасының жеребесі 17:00-де басталады. Салтанатты іс-шараны «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Еуропа лигасының 1/16 финалында «Астана» командасы өнер көрсетеді. «Астана» плей-офф кезеңіне жолдама алған тұңғыш қазақстандық команда атанып отыр. Олардың қарсыласы өз тобында бірінші орын алған командалардың бірі болады.

Алғашқы топта: «Вильярреал» (Испания, Вильярреал), «Динамо» (Украина, Киев), «Брага» (Португалия, Брага), «Милан» (Италия, Милан), «Аталанта» (Италия, Бергамо), «Локомотив» (Ресей, Мәскеу), «Виктория» (Чехия, Пльзень), «Арсенал» (Англия, Лондон), «Зальцбург» (Австрия, Зальцбург), «Атлетик» (Испания, Бильбао), «Лацио» (Италия, Рим), «Зенит» (Ресей, Санкт-Петербург), ЦСКА (Ресей, Мәскеу), «Атлетико» (Испания, Мадрид), «Лейпциг» (Германия, Лейпциг), «Спортинг» (Португалия, Лиссабон).

Екінші топта: «Астана» (Қазақстан, Астана), «Партизан» (Сербия, Белград), «Лудогорец» (Болгария, Разград), АЕК (Грекия, Афина), «Лион» (Франция, Лион), «Копенгаген» (Дания, Копенгаген), «Стяуа» (Румыния, Бухарест), «Црвена Звезда» (Сербия, Белград), «Марсель» (Франция, Марсель), «Эстерсунд» (Швеция, Эстерсунд), «Ницца» (Франция, Ницца), «Реал Сосьедад» (Испания, Сан-Себастьян), «Наполи» (Италия, Неаполь), «Спартак» (Ресей), «Селтик» (Шотландия, Глазго), «Боруссия» (Германия, Дортмунд).

Астана уақыты бойынша жеребе тарту рәсімі 18:00-де басталады. Жиынды «Qazsport» тікелей эфирде көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар