10 Қараша, 2011

Индустриялық-инновациялық қызметті қолдау жандана түседі

422 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің кезекті жалпы отырысы бо­­лып, оны палата Төрағасы Орал Мұхамеджанов ашып, жүр­гізіп отырды. Тоғыз мәселе енгізілген күн тәртібінің жобасы бірауыздан қабылданды. Соның ішінде ең маңыздысы «Индустриялық-инновациялық қыз­метті мемлекеттік қолдау ту­ра­лы» заң жобасы екені көрініп тұр­ды. Ол бірінші оқылымда ма­құлданды. Заң жобасы бойынша баяндама жасаған Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау қа­былданатын заңнама өндірісті индустрияландыру ісін дамытуға, ғылыми, экологиялық таза және бәсекеге қабілетті жоғары техно­логияларды енгізуге ынталан­ды­ра­ды, деді. Сонымен бірге заң жобасы индустриялық-иннова­ция­лық шағын және орта бизнесті құруға мүмкіншілік беріп, ай­мақ­тардың кешенді және тиімді да­муына өз үлесін қосады. Заң жо­басын талқылау барысында жұ­мыс тобының отырыстарына қа­тыс­қан депутаттар өздерінің тү­зетулері мен толықтыруларын айт­­­­ты. Соның ішінде жер үлес­тері конкурссыз берілетін индус­трия­­­­­лық-инновациялық субъекті­лерді анықтау бойынша қосым­шалар ен­­г­ізді, деді вице-министр. Сол ар­­­қылы заң жобасы мемлекеттік органдар мен индус­трия­лық-инно­­­­вациялық қызмет суб­ъек­тілерінің арасында туындай­тын қоғамдық қаты­настарды реттейді дей келіп А.Рау ағымдағы жағдайларды бағалау негізінде және елдің экономикалық дамуы­ның ұзақ мерзімді мақсаттарына қол жеткізу үшін индустриялық-инновациялық қыз­мет­ті мемлекеттік реттеу мәселелерімен тікелей немесе жанама қиылысатын Қа­­зақстан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне де өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін атап өтті. Сөйтіп, ілеспе заң жобасы бой­ын­ша Жер және Салық кодекстеріне, сон­дай-ақ «Қазақстан Республи­ка­сындағы жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару тура­лы», «Акционерлік қоғамдар тура­лы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Кон­цессиялар туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Білім туралы», «Ұлттық әл-ауқат қо­ры туралы», «Жер қойнауы жә­не жер қойнауын пайдалану ту­ралы» заңдарына толықтырулар енгізіледі. Біраз депутаттар сұ­рақ­тар беріп, кейбір мә­­селелерді анықтаған соң екі заң жо­­басы да бірінші оқылымда ма­құлданды. Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау ту­ралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы жө­нінде баяндама жасады. Депутаттар бұл мәселені талқылауға да қызу қа­тысып, көптеген сұрақтар берді. Баян­дамашы қазақтың домбы­ра және қо­бызбен ор­ындалатын күй өнерін, айтыс­ты, орын­дау­шы­лық шеберліктер және т.б. толып жатқан материалдық емес мұ­расын осы заң жобасын қа­былдап, кон­вен­цияны ратифика­ция­лаған соң ЮНЕСКО-ның қор­ғауына алдырамыз деген соң депутаттар заң жобасын қызы­ғу­шы­лықпен мақұлдады. Конвен­ция­ның өзі 2003 жы­лы 17 қа­занда Парижде қабыл­дан­ған. Сонымен қатар отырыста «Қа­­зақ­­стан Республикасының кейбір заңнама­­лық актілеріне зияткерлік меншік мәсе­ле­­лері бойынша өз­герістер мен толық­ты­­рулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқы­лымда депутаттар талқы­сы­на шы­­ғарылды. Жұмыс тобында қа­ралған мә­се­лелер және жаңадан енгізілген тү­зе­тулер туралы Мә­жі­лістің Заң­на­ма және сот-құ­қық­тық реформа коми­тетінің мү­шесі Зағипа Балиева баяндап өт­ті. Заң жобасында зияткерлік мен­шік құқық­тары мәселелерін реттейтін Қа­зақстан Республика­сының қолданыста­ғы заңна­ма­­лық актілеріне өзгерістер мен то­лық­­тырулар енгізу көзделген. Заң жо­ба­сын­да қарастырылып отыр­ған, басқа заң­на­малық актілерге енгізілетін түзе­тулер ішкі қайшы­лықтарды жоюға, патенттік сенім білдірілген өкілдер мәрте­бесін заң жүзінде бекітуге, сон­дай-ақ өнеркәсіптік меншік объекті­ле­рі­не өтінімдерді қарау мерзімін қыс­қартуға бағытталған. Қаралған мәселелердің ара­сын­­да Парламент Мәжілісінің Рег­ла­ментіне өзге­ріс­т­ер мен то­лық­ты­рулар енгізу, «2012-2014 жыл­дар­ға арналған республи­ка­лық бюд­жет туралы» Қазақстан Республи­ка­сы Заңының жоба­сы­на Қазақ­стан Рес­пуб­ликасы Пар­ла­ментінің Сенаты енгізген өзге­рістер мен то­лықтыруларды қа­рау да енгізілген екен. Бұл мәсе­ле­лер палата де­пу­­таттары тара­пы­­нан қолдау тапты. Жақсыбай САМРАТ.