Өрт сөндірушілердің хабарлауынша оқиға Нью-Йорктың орталығындағы Порт-Атури автобус терминалында болған. Ондағы автовокзал эвакуацияланып, өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жұмылдырылған.
Бейнекамера арқылы онда көптеген жедел жәрдем машиналары мен қызметкерлерін байқауға болады. А, С және Е желілерінің маңындағы метро станциялары да сақтық үшін эвакуацияланды.
ABC телеарнасы полицияның жасырын дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, терминалдың жер асты өткелінде бомба жарылғанын хабарлап отыр. CBS мәліметінше, бомбаны жарушы өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.
Ал WPIX телеарнасы жарылғыш құрылғы бар екінші адам метро туннелінде ұсталғанын хабарлады.
Порт-Атори – АҚШ-тағы ең ірі автовокзал. Ол жылына 65 миллион адамға қызмет көрсетеді.