Жаңаөзен қаласында «Тиімді баға – берекелі дастарқан» ұранымен азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Азық-түлік өнімдері Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарынан жеткізілді.
Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында – 5-6 қарашада «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен астықты аймақтардан көптеген тағам түрлері әкелінді. Жаңаөзен тұрғындары арзан бағамен жеткізілетін сапалы өнімнен дәм татып, аймақ жетістіктерін тамашалады. Бұл күндері қарапайым қала тұрғындары үшін жәрмеңкеден қажетті өнімдер сатып алуға мол мүмкіндік туды. Ол өз кезегінде азық-түлік бағасын тұрақтандыруға да үлкен септігін тигізбей қоймады.
Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы жөнінен бірқатар жетістікке жеткен аймақ. Сондықтан Ақтөбеден арнайы келген керуенде картоп, көкөніс, бау-бақша өнімдері көп болды. Сыр бойынан келген сәлемдеменің де жөні бөлек. Жамбыл облысы да жарқын жетістіктерімен келетіндігі күтілген еді, солай болды да. Бір ғана Жамбыл облысының өзінде жүзден аса жылыжай жұмыс істейтінін ескерсек, жәрмеңкеде жыр алыбы Жамбыл елінің дастарқаны да жаңаөзендіктерге арнап кеңінен жайылды.
Алғашқы жайма сауда Құрбан айт мерекесі қарсаңында – 5-6 қарашада қаланың Тәуелсіздік алаңында және «Рахат» шағын ауданы мен «Жібек жолы» базарында өтті. Айта кету керек, бұл жәрмеңкенің ерекшелігі – Жаңаөзендегі көтерме және коммуналдық базар нарқынан кем дегенде 15-20 пайыз төмен бағамен сатылды. Мәселен, қазір қала базарында килосы 1350 теңгеден сатылып жүрген қой етінің 10 тоннасы 1000 теңгеден жеткізілді. Сондай-ақ, 490 теңгеге бағаланатын тауық етінің әр килосы 410 теңгеден саудаға шығарылды. Ал, 60 тонна картоптың әр килосы 80 теңгенің орнына 58 теңгеге сатылды. Баға белгілеудегі осындай елеулі айырмашылық жаңаөзендіктердің азық-түлік қорын молайтып, көңілдерін көншіткендігі әмбеге аян.
Жыл аяғына дейін жаңаөзендіктер бес рет жәрмеңкенің дуын қыздырып, молшылыққа кенелетін болады. Әрине, бұған жергілікті өндірушілер де өз үлестерін қоспақшы.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өз қаржысына тағам түрлерін өндірушілерден тікелей сатып алып қана қоймай, мұздатқыш камералары мен көкөніс, дақыл өнімдерін сақтайтын жайлары бар арнаулы қоймаларды да жалға алды. Сауда жүргізуге керекті құрал-жабдықтар алынды. Сатушылар, жүргізушілер секілді мамандықтар бойынша жұмыс орындары құрылды. Алдағы уақытта бұл шараны игі дәстүрге айналдыру көзделуде.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ пен Маңғыстау облысының әкімдігі бірлесіп, осылайша арзан азық-түлікті тұрақты түрде жеткізіп тұруға бағыт ұстанып отыр. Саудаға шығарылатын тағам түрлері де келешекте көбейе түспек.
«Егемен-ақпарат».

Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27
Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалды
Спорт • Бүгін, 16:58
Астанада азық-түлікті тиімді бағада қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:54
Алматыдағы Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады
Алматы • Бүгін, 16:49
ChatGPT мен AliExpress компаниялары Қазақстан бюджетіне салық төледі
Экономика • Бүгін, 16:26
«Грантқа түсіремін»: Астанада 111 адамды алдаған алаяқ сотталды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Қарағандыда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:47
Астанада қыз баланы құтқарып қалған екі азамат марапатталды
Оқиға • Бүгін, 15:39
Президент: Әрбір өркениетті елдің өсіп-өркендеуі үшін сот жүйесінің маңызы зор
Президент • Бүгін, 15:25