Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2017

Ақтауда әскерилер арасында «Үлгілі үй» байқауы өтті

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан республикасы Қарулы күштері «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында әскери бөлім қызметкерлері үйлері арасында «Үлгілі  үй» байқауын ұйымдастырған болатын.

Ақтауда әскерилер арасында «Үлгілі үй» байқауы өтті

Аймақтық қолбасшылықтың байқау комиссиясы тұрғын үй және қызметтік қордан тұрғын үймен қамтылуы, сондай-ақ әскерилер үйлерінің жан-жағы – тазалығы, абаттандырылуы, балалар ойын алаңының болуы сынды мәселелерді сарапқа салды. Байқау қорытындысында Ақтау горнизонының әскери қызметшілері бірінші орынды иеленді. Байқау нәтижесінде белгілі болғандай, ең үлгілі үйлер Ақтау қаласындағы 25744 әскери бөлімі  мен Бейнеу селосындағы 99116 әскери бөлімінің жатақханалары болып шықты. Жуырда ғана пайдалануға берілген Бейнеу селосындағы әскерилер үйінде қазіргі таңда 25 отбасы тұрып жатыр. Жақын арада тағы бір пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ, Ақтау теңіз жаяу әскерлері өз тұрғын үйлеріне ерекше назар аударып, күтіп ұстайтыны анықталды. Бұл үйлерде кейбір тұрғындардың тұрғанына бес жылдан асып кеткен, сондықтан олар  үйге аса ұқыптылықпен, күтіммен қарайды.

Байқау жеңімпаздарына ыдыс-аяқ, электр шайнектері мен мақтау қағаздары табысталды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы