«ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша Ұлттық қордың есебінен қаржыландырылған инвестициялық жоба Канада, Украина және Қазақстаннан асыл тұқымды сауынды мал басын сатып алу арқылы екі кезеңмен іске асырылған. Бүгінгі күні фермада бір мал басының орташа тәуліктік сауынды сүті жиырма тоғыз литр болады. Сонымен бірге жоба жемшөп өндірісін дамыту шеңберінде қаржыландырылған.
«ҚазАгро» холдингінің инвестициялық қоржыны қазіргі уақытта жалпы құны 351,0 млрд. теңгенің 545 инвестициялық жобасын құрайды. Оның жалпы құны 311 млрд. теңгенің 511 инвестициялық жобасы пайдалануға берілді.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы