Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2017

Қостанайда Таран ауданының әкімі тағайындалды

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы әкімінің өкімімен Таран ауданының жаңа әкімі тағайындалды.

Қостанайда Таран ауданының әкімі тағайындалды

Бұл қызметке Қуандық Хайдарұлы Есбергенов келді. Ол осы уақытқа дейін Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімі қызметін атқарып келген.

Қуандық Хайдарұлы 1970-жылы туған, екі жоғары білімі бар. 1996 жылы инженер-құрылысшы біліктілігі бойынша Рудный индустриялды институтын, 2002 жылы заңгер мамандығы бойынша Қостанай әлеуметтік академиясын бітірді.

Еңбек жолын Жітіқара ауданы Дзержинский атындағы кеңшарда жұмысшы болып бастады.

2002 жылы шілде мен 2008 жылғы қараша аралығында Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары, 2008 жылғы қараша мен 2013 жылғы маусым аралығында Жітіқара ауданының әкімі болып жұмыс істеді. 2014 жылғы қаңтардан бастап, маусым айына дейін Қостанай облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының лауазымын атқарды.

«Құрмет» орденімен, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медальдарымен наградталды.