Мәселен, 2016 жылы кепілзат жеткіліксіз болған жағдайда Қордың кепілдігін алуға мүмкіндік беретін қызметті автоматтандыру туралы шешім қабылданғаны белгілі. Содан бері «электронды үкіметтің» www.egov.kz порталына 561 өтінім түсіп, оның 493-і мақұлданған. Қазір қарауда 68 өтінім жатыр. Осы уақыт аралығында «Даму» Қоры 2000 кеплдік берген. Яғни, кепілдік сұраған онлайн-өтінімдер үлесі 25% құрады.
Кепілдік арқылы қолдау алған несие қоржынының сомасы 16,2 млрд теңгені құрады. Ал кепілдіктің құны 5 млрд теңгеге жетті. Екінші деңгейлі банктер арасында көш бастап тұрған «Қазақстан халық банкі» АҚ – 147, «Сбербанк» АҚ ЕБ – 124 және «ЦентрКредит Банк» АҚ – 112 жобаны қаржыландырған. Бұл жағынан ең белсенді өңірлер қатарында Ақтөбе облысы – 87, Атырау – 70 жәнеҚостанай облысы – 55 жоба ұсынған.
«Даму» Қорының кепілдігі – электронды үкіметтің платформасына енгізілген тұңғыш қаржылық құрал. Бұл арқылы кәсіпкерлер бизнес ашуға, кәсібін дамытуға кепілзаты жетпеген жағдайда мүмкіндік алады. Ал онлайн-жүйе кәсіпкердің уақытын үнемдейді. 180 млн теңгеге дейінгі несиеге кепілдік сұраушыларқызметке egov.kz порталы қол жеткізе алады. Ол үшін тек порталға тіркеліп, өтінімді толтырып, банктің оң шешім шығарған хатының электронды нұсқасын қыстырып, электронды санды қолын қою керек. Жеке кабинеті арқылы өтінім қарау қай кезеңде екенін қадағалап отыруға болады, деп хабарлайды аталмыш Қордың Баспасөз қызметі.
2018 жылдан бастап кәсіпкерлер «Даму» Қорынан сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін де онлайн өтінім бере алатын болды.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ