Бүгінде өңірде 559,6 мың адам тұрса, 44,8 пайызы қалалықтар, 55,2 пайызы ауылдықтар болып есептеледі. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда тұрғындар саны 6,5 мың адамға немесе 1,2 пайызға кеміген.
Табиғи өсім жайы да алаңдатады. Өткен жылға қарағанда 328 адамға болмаса 39,6 пайызға азайған. Бір адамға шаққанда табиғи өсім 1,19 адамды құраған. Қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 5576 сәби дүниеге келген. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 6,6 пайызға кем. Туудың жалпы коэффициенті бір мың адамға шаққанда 13,29 сәбиден келеді.
Осы кезеңде 5075 адам қайтыс болған. 45 нәресте шетінеген. Тіркелген некелердің өсуі мен ажырасулардың төмендеуі бойынша оң үрдіс байқалады. Тоғыз ай ішінде 2969 неке тіркеліп, 1478 неке бұзылған.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы