Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2017

Тәуелсіздік күні Астанада қоғамдық көліктермен қатынау тегін болады

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласынның әкімдігі қала тұрғындарына тосын сый жасауда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.


Тәуелсіздік күні Астанада қоғамдық көліктермен қатынау тегін болады

Елордада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтуге орай, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасы бойынша, 16 жектоқсан күні қоғамдық көліктерде (оның ішінде экспресс-маршруттарда да) жүру тегін болады.

Қала маңына қатынайтын автобустарда жүру ақылы болады.

Тәуелсіздік күні Қазақстан Республикасының басты мерекесі, жыл сайын 16 желтоқсан күні қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін атап өтеді және осы күн демалыс болып саналады.