Кездесу мақсаты - Маңғыстау облысы мен Нидерланды Корольдігі арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту. Жиында екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас, инвестициялық ахуал сөз болып, елші экспортқа бейімделген Нидерландының кәсіпкерлері Қазақстанда бизнесін өркендетуге ынталы екендіктерін жеткізді.
Қос мемлекет арасында сауда айналымы тұрақты. Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында Маңғыстау мен Нидерланды арасындағы сауда айналымы 141 млн. АҚШ долларын құраған. Оның ішінде 130,7 млн. АҚШ доллары экспортқа, 10,2 млн. АҚШ доллары импортқа тиесілі.
Экспортқа мұнай өнімдері, әскери кемелер мен ядролық реакторлар және ауыр техникалар тасымалданған. Ал, импортқа буксирлер мен сүйрегіш кемелер, металл өнімдері және бояулар жеткізілген. Бүгінде Маңғыстау облысындағы 44 мекемеде Нидерландиялық компаниялардың үлесі бар. Жиын соңында екі елдің арасында жүзеге асырылатын жобалар талқыланды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы