Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2017

Тележурналист, майталман дубляжшы, режиссер Әсемғазы Қапанұлы қайтыс болды

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тележурналист, майталман дубляжшы, режиссер Әсемғазы Қапанұлы қайтыс болды

Қытайдағы қазақтілді кино индустрияның дамуына ерекше үлес қосқан, қазақтілді телеарна қалыптастыруға ұзақ жыл жұмыс істеген, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақытта атамекенге оралып, қазақ телевизиясы мен қазақ киноөнеріне ерен еңбек сіңірген талантты режиссер, аудармашы Әсемғазы Қапанұлы дүниеден өтті.

Әсемғазы Қапанұлы 1968 жылы 15 тамызда өмірге келген.

Ол елге келген соң «Хабар», «Жетінші арна», «Қазақстан» ұлттық телеарналарында дубляж бөлімдерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып қана қоймай, «Күлтегін» сынды бірнеше тарихи-экспедициялық фильмдермен қатар Таңжарық ақынға, «Көк туыдың желбірегені» әнінің авторы Ермұрат Зейіпханға арналған бірнеше өмірдеректік фильм түсірген.

Оның журналистік, жазушылық қыры өз алдына ол өте талантты аудармашы еді. Ли Бай бастаған Қытайдың ежелгі дәуір өлеңдерін көне жазу үлгісінен аударып «Әлем әдебиеті» журналына үнемі жарық көріп тұрды.

Марқұмның жаны Жәннатта, топырағы торқа болсын! Отбасы, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.