Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2017

Халифа Алтайдың жары өмірден өтті

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дін және қоғам қайраткері Халифа Алтайдың жұбайы Бибәтіш Жүнісқызы Алматыда қайтыс болды. 

Халифа Алтайдың жары өмірден өтті

Халифа Алтаймен 51 жыл отасып, төрт ұл, төрт қыз тәрбиелеген Бибәтіш Жүнісқызы 1932 жылы Алтайда өмірге келген. Қытайдан Үндістанға үдере көшкен қазақтардың қатарында Манисаны паналап, кейіннен Түркиядан тұрақ тапқан Халифа Алтайдың отбасы Қазақстан тәуелсіздігін жариялай салысымен 1991 жылы атажұртқа көшіп келді. Қазірде Бибәтіш апа тәрбиелен төрт қыз Түркияда, екі ұл Алматыда тұрады. Бір ұлы Парижде тұрақтап қалған Бибәтіш Жүнісқызының үлкен баласы қайтыс болған.

Жұртшылық Бибәтіш Жүнісқызын ертең жұма намаздан кейін Алматыдағы Орталық мешіттен соңғы сапарға шығарып салады.