«КостанайСельхозВодопроводстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 13,7 километр су құбырын тартты. Бұл жобаға 270 миллион теңге қаржы жұмсалды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ауылдастарды осы қуанышымен құттықтады.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қабылданған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында елді мекендерді, оның ішінде сіздердің ауылды ауыз сумен қамтамасыз етіп отырмыз. Ауыз су адамдардың ең қажеті болып табылады. Елбасының саясаты арқасында тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жыл сайын жақсарып келеді. Осы секілді соңғы екі жылда құны 2 миллиард теңге болатын 5 жобаны жүзеге асырдық. Ырсай ауылына ауыз су құбырын тарту сапалы атқарылды, оны жасаған кәсіпорындар мен мамандарға алғыс айтамын» деді Архимед Бегежанұлы.
Ауыл тұрғындары осындай мүмкіндіктер жасағаны үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген алғысын, қуаныштарын облыс әкіміне жеткізді.
Нәзира Жәрімбет
«Егемен Қазақстан»
Қостанай облысы,
Жітіқара ауданы