Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2017

Қостанайдың Жітіқара ауданында заманауи астық сақтау  қоймасы ашылды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрын Жітіқара ауданының шаруашылықтары астықты алыс элеваторларға таситын. Енді Жітіқара қаласының іргесінде орналасқан Пригородное селосындағы  солтүстік шығыс өнеркәсіп аймағынан  «Жітіқара-Астық Трейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  астық қабылдау бекетін ашты. Ол шаруашылықтар астығын сақтап береді.  Қойманың жыл бойы  100 мың тонна астық қабылдап, сақтап беруге қуаты жетеді.   

Қостанайдың Жітіқара ауданында заманауи астық сақтау  қоймасы ашылды

Жұмыс сапарымен осында келген облыс әк імі Архимед Мұхамбетов жаңа астық қабылдау қоймасымен қатар Гүлсара Жаманқұлова басқаратын «Жітіқара-Астық Трейд» серіктестігінің  офисін де тамашалады. Оның  бірінші қабатында  астық қабылдайтын заманауи таразы оналасқан.  Жұмысшылар таза, жылы жерде отырып, жұмыс істейді. Астық қабылдау қоймасы 15 адамға жұмыс беріп отыр. Кәсіпорын астық сақтау қоймасын салуға 280 миллион теңге қаржы жұмсады.

«Ауданда элеватордың жағдайы қиын болды. Астықты алысқа, қалаға тасыған соң, ол бидайдың өзіндік құнына да кері ықпал еткені сөзсіз.   Міне, жақсы жоба жүзеге асырылды, енді астықты осында сақтап, сата бересіздер» деді Архимед Бегежанұлы.

«Жітіқара-Астық Трейд» кәсіпорны осы жерден тағы бір  осындай қойманың құрылысын бастады.    

 

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай облысы,

Жітіқара ауданы