Медицина • 15 Желтоқсан, 2017

Мұрат Жұрынов: Тәуелсіздік оңай келді десек, қателесеміз

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көпшілігіміз тәуелсіздік біз­­ге Кеңес Одағы ыдыраған соң,­ оңайлықпен келе салды деп­ қателесеміз. Оған дейін­гі экономикалық, мо­раль­дық күйзелістер, елдің көкей­кесті тілегі біртіндеп осы күнге жете­­ле­ді. Ал Қазақстанның тәуел­сіз­дікке қолы жетті дегенде анау-мынауға мойымас талай ел зиялыларының көзіне жас алып, қуанышын жасыра алмай жылағанын көрдік. 

Мұрат Жұрынов: Тәуелсіздік оңай келді десек, қателесеміз

Осылайша 150 жылдық тәуелділіктен кейін қайтадан Тәуелсіздігімізге қол жет­кіздік.­ 

Еліміз егемендіктің бедерінде де барлық қиыншылықтар мен қыспақтардан өтті. Әлемдік қоғамдастық санасатын күнге жет­ті. Іргемізді бекітіп, тәуелсіздігімізді тұғыр­лы ету жолында ірі-ірі ауқымды шараларға ұйытқы болдық. Жаһандық бітімгер­шілік істерге бастамашы болдық.
Шындап келгенде тәуелсіздіктің бізге өте қымбатқа түскенін жастар­ға айта беруіміз керек. Құнын түсін­діре берген жөн. Азаттықтан артық байлық, одан асқан құндылық жоқ. Ата-бабалардан аманатқа қалған арманға біз осы ғасырда қолымыз жетті. 

Халқымыздың келешегі мұнан­ да кемел болуы үшін ұл-қыздары­мызды елжандылыққа баулу, ел­шіл етіп өсіру парызымыз. Қазақ хал­қы түркі халықта­рының негізін құрай­тын жүректі, дастарқаны кең, ниеті таза ұлт екенін ұғынып өскен ұрпағымыз бүкіл мақсатымызды алға апарады. Ғасырларға жалғайды. Бұл үшін білім мен ілім, заманына теңескен ақыл-ой иелері керек. 

Еліміздің егемендігі мәңгілік, жастары елшіл, зиялыларымыз өршіл болсын!

Мұрат ЖҰРЫНОВ,
Ұлттық Ғылым академиясының 
президенті, академик