Елбасының алысты болжайтын көреген басшылығының арқасында «алдымен экономика, сосын саясат» стратегиясы мүлтіксіз жүзеге асырылып, бүгінде өркениетті отыз елдің қатарына қосылудың қарышты қадамдарын жасаудамыз. Өзге мемлекеттер секілді Қазақстан да көптеген қиындықтарды бастан өткергенімен, қаржылық дағдарыстарды еңсерудің тиімді жолдарын ұтымды ұйымдастыра білді. Іргеміз сөгілмей, «тар жол, тайғақ кешуден» аман өттік. Бір ғана ауыл шаруашылығы саласын алайық. Бұл салада қаншама ауқымды жаңғыртулар жүргізіліп, мемлекет тарапынан орасан қаржылық қолдау көрсетілді десеңізші! Мұның бәрі, айналып келгенде, халықтың тұрмыс-тіршілігін, әл-ауқатын, өмір сапасын арттырып, жасампаздық «Мәңгілік ел» идеясымен алға ілгерілеуді, «Мен қазақстандықпын!» деген мақтаныш сезімнің қалыптасуын қамтамасыз етті.
Осылайшы экономикалық қарышты дамуымыз Қазақстан атты гүлденген, толысқан мемлекетті төрткүл дүниеге танытып отыр.
Геннадий ЗЕНЧЕНКО,
«Зенченко және К» командиттік серіктестігінің директоры,
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты