Елбасы абыройы – ел абыройы

Тәуелсіздік пен Тұңғыш Президент – егіз ұғым. Бүгінде кіммен пікірлессеңіз де осылай ой сабақтайды. 

Егемен Қазақстан
15.12.2017 455

Шындығында да Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуында Елбасының сіңірген еңбегі өлшеусіз. Тұңғыш Президент күнінің 1 желтоқсанға белгіленуі де тегіннен-тегін емес. 1991 жылы дәл осы күні елімізде алғаш рет жалпыхалықтық Президент сайлауы өткізілді. Бұл содан кейінгі барлық жақсылықтардың, әсіресе Қазақстан тәуелсіздігінің хабаршысы іспеттес болды.

Ширек ғасырға жуық уақыт бойы елімізде басқа салалармен бірге ішкі әскерлер де дамып келеді. 1992 жылғы 10 қаң­­тар­да мемлекет басшысы ал­­ғаш­­қы­лардың қатарында іш­кі әс­кер­лер құру туралы Жарлыққа қол қойды. Ал сол жылы 23 мау­­сымда «Қазақ­стан Рес­пуб­ли­­касындағы іш­кі әс­кер­лер ту­ралы» заңға қол қой­ыл­ды. Бұл ішкі әс­кер­лер­дің мақ­сат-міндеттерін ай­қын­­дап берген тұң­ғыш құқықтық құжат еді.

Тәуелсіздіктің бастапқы жылдары қылмыс көбейіп, мемлекет пен құқық қорғау органдары қау­іп-қатердің жаңа түрлерімен бетпе-бет келді. Міне, осындай кезде ішкі әскерлер алдында қо­ғам­дық тәртіпті қамтамасыз етіп, тұр­ғындарды қылмыстан қор­ғау мін­деті тұрды. Әскери қыз­мет­кер­лер осы міндетті барынша адал атқарып келеді.

Әскерлердің қазіргі заманғы та­­лап­тарға сай болуы Елба­сы­ның үне­мі назарында. Пре­зи­де­нт­тің 2014 жылғы 21 сәуірдегі Жар­лы­­ғымен Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері Ұлттық ұланы болып қайта құ­­рылды. Бұл бізге бұрынғыдан да айрықша жауапкершілік жүк­тей­ді.

Осы уақыт ішінде Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саяса­ты­ның арқасында құқықты әс­ке­ріміз аяғын нық басып, тік тұр­ды деуге негіз бар. Жыл сайын бу­ын­ы бекіп, қуаты артып ке­ле­ді. Елі­­міздің құқықтық әскері мем­ле­кетіміздің тәуелсіздігі мен ты­ныш­тығының кепілі. 
Бүгінгі таңда Ұлттық ұлан әс­кер­лері өздерінің кәсіби шебер­лі­гімен, жауынгерлік даяр­лы­ғы­ның белсенділік деңгейімен жә­­не материалдық-техникалық қам­­тамасыз етілуімен ерек­ше­ленеді. 

Халықтың қауіпсіздігін, аза­мат­тардың болашаққа сенім­ді­лігін арттыратын, еліміз­дің бей­біт өмір сүріп, дамуына жағдай жа­сай­тын армияның алар орны ерек­ше.

Ер азаматпын деп санайтын әрбір жан үшін ең басты мін­дет – Отан қорғау. Елбасымыз айт­қан­дай, патриоттық рух бізге ауа­дай қажет.
Дәл осындай іс-шаралардың па­триотты ұрпақ тәрбиелеуде маңыздылығы зор екендігі сөзсіз. Бү­гінде еліміздің әскерін біз тәу­ел­­сіздігіміздің қорғаны деп мақ­танышпен айта аламыз.

Елбасына деген халық сенімі тұң­ғыш Президент күнін кең кө­лемде атап өтуге серпіліс беруде. Осыған орай «Батыс» өңірлік қол­­басшылығына қарасты әске­ри бө­лімдерде де салтанатты жи­ын­дар өтіп, концерттер мен көр­ме­лер ұйымдастырылуда. 

Кітапханаларда Елбасының өмір жолы туралы фотокөрмелер мен стенділер жасақталса, клуб­тар­да деректі фильмдер көр­се­тілуде. Осындай шаралар ке­зін­де әскери қызметкерлер Ел­ба­сының көшбасшы ре­тін­дегі рөлін одан сайын терең се­зі­не түсуде.

Сондықтан да осы мерекені ха­лық тәуелсіз мемлекетіміздің не­гізін қалаған Елбасына деген шек­сіз құрмет, ерен дамудың даң­ғыл жолына салып отырған та­рихи тұлғаға деген ілтипат ретінде қабылдады.

Шындығына келгенде, елі­міз­дің Тұңғыш Президентіне Елбасы атағын халық әлдеқашан беріп қой­ған еді. Еліміздің Парламенті оны тек заңды тұрғыдан ғана бекітті.

Елбасының әлемдік дең­гей­де­гі қабілет-қарымына, саяси іс-қимылына, экономиканы алға жыл­­жыту жолындағы тиімді сая­­сатына, уақыт талабына сай ой­­лас­тырылған стратегиялық ұс­­та­нымдарына қалтқысыз сен­ген қазақстандықтар өзінің Тұң­­ғыш Президентіне, екі тізгін бір шыл­­бырды тең ұстаған Елба­сы­на әрқашан қолдау біл­дір­ді, біл­ді­ріп те келе жатыр. Тіз­гін­нің бе­­­рік қолда екендігі қазіргі дағ­да­­рыстан да дағдар­май шыға­ты­ны­мызға, еліміздің еңсесі биіктей тү­се­ті­ніне нық сенім ұялатады.

Өз кезегінде Қазақстан Рес­­пуб­­­ликасы Ұлттық ұланы­ның әс­керлері құқықтық тұ­рақ­­ты­лық­ты сақтауға, арнайы мем­ле­­кеттік объектілерді қорғауға және басқа да қызметтік, әскери міндеттерді орындауға арналған. Өздерінің әс­кери міндеттерін орындауда ұлан­дықтар әскери жоғары сана­лы­лық пен жанкештілік көр­се­ту­де. 

Өзінің жиырма бес жылдық ме­рекесі аясында Ұлттық ұлан әс­керлерінің атқарған игі шара­лары жетерлік. Ең бастысы, олар жастарға Отанды қорғау, Пре­зидент пен халыққа жан аямай еңбек ету, елді сүю, ант пен па­рызға адал болудың жарқын үл­гісін көрсетіп жүр. 

Сөз соңында айтарымыз, қа­зақ­­та әр заманда епті, батыл, ер­жү­рек сарбаздар болған. Олар барлық қиындықтар мен жо­рық кезіндегі тұрмыс мұқ­таж­­ды­ғын көтеруде қабілет-қа­ры­­мын көрсете білген. Бүгінгі Қазақстан әскерлері, Президент Н.Назарбаев айтқандай, «даңқ­ты өткенімізден күш ала отырып», өткенімізді рухани жал­ғас­ты­ру­шы жаңа күш екеніне кәміл се­не­міз.

Әлібек СЕРӘЛИЕВ,
генерал-майор, Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы

ОРАЛ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.05.2018

Лионель Месси «Алтын бутса» сыйлығын бесінші рет жеңіп алды

21.05.2018

Қазақстан мен Халықаралық ҚҚДБ арасындағы Қарыз туралы келісім туралы заң жобасы қаралды

21.05.2018

Қ. Тоқаев Толеранттық және бейбітшілік жөніндегі жаһандық кеңестің басшысымен кездесті

21.05.2018

Шымкент-2 жаңа теміржол вокзалы салынады

21.05.2018

Елбасы Өзбекстан Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

21.05.2018

ОҚО-да Нобель сыйлығы лауретының қатысуымен ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті

21.05.2018

Қазақстанның аграрлық ғылымының дамуына арналған баспасөз конференциясы өтті

21.05.2018

Филиппо Оноранти: Алқалы жиынның алар орны да ерекше

21.05.2018

Ханс-Пол Бюркнер: Мұнай мен газ ғана емес, басқа салалардың да дамуы керек

21.05.2018

Мырзакелді Кемел: Болашаққа бағдарланған форум

21.05.2018

«Нұр Отан» Атырау мен Павлодарда ІТ-мамандарын дайындатын ІТ-орталықтар ашты

21.05.2018

Бурабай ұлттық паркіне арналған «A day in Burabay» бірегей фотоальбомы жарық көрді

21.05.2018

Алматыда 5 жасар бала менингиттен көз жұмды

21.05.2018

Мекен-жай анықтамасын Telegram-бот арқылы алуға болады

21.05.2018

Нұрлан Ноғаев: Бизнес субъектілеріне мемлекеттің қолдауы аймақтың экспорттық әлеуетін арттыруға септігін тигізеді

21.05.2018

Алматылық педагогтар СДУ-да бас қосты

21.05.2018

Қазақстанда тұңғыш рет көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балаларға СИАХТ отасы жасалады

21.05.2018

Самал Еслямова: Біз бұл кинокартинаны түсіру үшін 7 жылымызды сарп еттік

21.05.2018

Жезқазған қаласының әкімі өз еркімен қызметінен кетті

21.05.2018

Айдос Қыдырма ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу