Президент • 15 Желтоқсан, 2017

Шет мемлекеттер басшыларының әр жылдары Қазақстан және Елбасы туралы айтқан пікірлері

839 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Шет мемлекеттер басшыларының әр жылдары Қазақстан және Елбасы туралы айтқан пікірлері

Владимир ПУТИН,
Ресей Президенті: 
– Қазақстан халқы өзінің әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік құрылыстағы қол жеткен табыс­тарын орынды мақтан ете алады. Республиканың халықаралық беделі жылдан-жылға артып келеді, қоғамдағы ұлтаралық қатынастар да жетілдіріле түсуде. Ресей мен Қазақстан халықаралық аренадағы, Еуразия кеңістігіндегі аймақтық интеграциялық құрылымдардағы күштерін үйлестіруі өзінің тиімділігін көрсетті. 

Ху ЦЗИНЬТАО, 
ҚХР-дың бұрынғы Төрағасы:
– Тәуелсіздік жылдары Сіздің басшылығыңызбен еңбек сүйгіш те ақылман Қазақстан халқы өзінің қажырлы да жасампаз еңбегімен дамудың дұрыс жолын таба білді. Бүгінде Қазақстанда экономика тұрақты даму үстінде, халықтың әл-ауқаты артып, қоғамның әлеуметтік-саяси тұрақтылығы сақталып отыр. Соңғы жылдары Қытай-Қазақстан қатынастары белсенді дамуда.

Барак ОБАМА,
АҚШ-тың бұрынғы Президенті: 
– Сіздің еліңіз егеменді, тұрақты және өркендеген мемлекет ретінде өзінің дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді. Мен Қазақстанға Ауғанстандағы тұрақтылық пен қалпына келтіру ісіндегі ұстанымы үшін ризашылығымды білдіремін және мен Сіздің ұлтаралық және діни төзімділікті алға жылжыту жөніндегі күш-жігеріңізді жоғары бағалаймын. 

Режеп Тайып Ердоған,
Түркия Президенті:
– «Аса қадірменді Президент мырза, менің аяулы бауырым! Сіз түркі жұртының ақсақалы ретінде Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластықты нығайтуға аянбай тер төгіп келесіз. Мен Сізді үлгі тұтатынымды жасырмаймын».

Маргарет ТЭТЧЕР, 
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі:
– Мен Қазақстан Президентінің бүгінгі күні өзіміз ұшырасып жүрген проблемаларды талқылау үшін алуан түрлі діни нанымдардың соншама көп өкілдерін шақыру жөніндегі бастамашылығын барынша құптаймын. Мұндай Форум өткізу үшін бірде-бір ел дәл Қазақстандай қолайлы бола алмас еді. 

Хуан КАРЛОС І, 
Испания Королі: 
– Сіздің еліңіз осы жылдар ішінде айтарлықтай нәтижелерге жетті. Біздің бірлескен жұмысымыздың арқасында біздің мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастар достық пен ынтымақтастық рухында дамып отырғаны мені ерекше қуантады. Мен Сіздің күш-қуатыңыздың арқасында Қазақстан өміріндегі жаңа кезең тағы үлкен прогресспен және халықтың әл-ауқатының артуымен белгілі болатынына сенемін.

Ильхам АЛИЕВ,
Әзербайжан Президенті:
– Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан тамаша жетістіктерге жетті, ел өте серпінді және тиімді дамуда. Сіздердің табыстарыңыз жасампаз істеріңізден, қалалар келбетінен, барлығын сүйсіндіріп отырған жаңа елорда – Астананың әсем келбетінен көрінеді. Қазақстан – әлеуеті орасан ел. Сіз жүргізіп келе жатқан реформалар болашаққа бағытталған. Бүгін қолда бар әлеует әлеуметтік мәселені, экономикалық реформа мәселесін тиімді шешуге мүмкіндіктер туғызып отыр. Біз үшін Қазақстан барлық уақытта достас, бауырлас ел болды. 

Эмомали РАХМОН, 
Тәжікстан Республикасының Президенті: 
– Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер. Қазақ жұртының, елінің көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әманда ажыраған емес.
Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары тағылым аларлық. Нағыз басшы ғана осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда, Нұрсұлтан Әбішұлы өз халқының даусыз басшысы.