11 Қараша, 2011

Сіз не дейсіз?

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ЗАҢ БҰЗУШЫЛАР ЖАЗАЛАНДЫ «Жол картасы», «100 мектеп, 100 аурухана», «Таза су» мемлекеттiк бағ­дар­ла­­маларының орындалуы Ел­­басымыздың назарында тұр­­­­­­ғаны белгiлi. Осы бағ­дар­­­ламалардың байыпты iске асу барысына прокуратура жүргiзген тексерулер нәти­жесi қандай деп сұ­рай­ды Шымкент қаласы­ның тұр­ғы­ны Айжан Сейдахметова. “Егемен Қазақстанның” Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Бақтияр Тайжан облыс прокуроры Берік Сайлауұлы Құлтасовқа: – Сіз не дейсіз? – Орынды сұрақ. «Жол картасы», «100 мектеп, 100 ау­рухана», «Таза су» мем­ле­кеттiк бағдарламаларының ор­ындалуының мерзiмi 2010 жы­лы аяқталғанын жақсы бi­лесiздер. Осы бағдарламалар бойынша облыстық прокуратура тарапынан бiрнеше тексерулер жүргiзiлiп, көптеген заң бұзушылықтар анықтал­ды. Атап айтсақ, жұмыстар ту­ра­­­лы актiлерге, жұмыс уа­қытын есептеу табельдерiне жалған мәлiметтердi енгiзiп, бюджет­тiк қаржыларды жым­қыру әре­кеттерi әшкерелендi. Жал­пы, аталған бағдарлама­лар­ды тексеру қорытын­ды­сы­мен 10 қылмыстық iс қозға­лып, 7 лауазым иесi сотты бол­ды, 28 ұсыныстың негiзiн­де 26 адам жауапқа тартылды. Бюджетке 73,8 млн. теңге қай­та­рылды. 424 азаматтың конс­т­и­туция­лық құқықтары қорғалды. Шымкент.