Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2017

Самұрық-Қазына: бесжылдық дамудың көкжиектері

346 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» мәдени кілті. Reinvention» тақырыбы бойынша кеңейтілген мәжіліс 2017 жылдың 14 желтоқсанында өтті. Қордың қызметкерлері мен стратегиялық әріптестері, директорлар кеңесінің мүшелері, қоржындық компания­лар өкілдері трансформацияның корпоративтік құндылықтарының рөлін талқылады. Топ-менеджменттің пікірінше, корпоративтік мәдениет – егемен қорларға тиімді басқарушы ұйым мәртебесіне қол жеткізуіне мүмкіндік беретін қозғаушы күш.

Самұрық-Қазына: бесжылдық дамудың көкжиектері

Бұл күні «Wyndham garden Астана» қонақ үйінің кең залында «5» саны «Самұрық-Қазына» қоры тобының қызметкерлері үшін айрықша маңызға ие еді. Таунхолл түрінде өткен кеңейтілген басқосуға қатысушылар бес негізгі құндылықты анықтайтын 5 жылдық үдемелі дамудың нәтижелерін қорытындылады: серіктестік (partnership), құрмет (respect), тұтастық (integrity), меритократия (meritocracy), кемелділік (excellence). «Самұрық-Қазына» қорында кең тараған құндылықтар мен мінез-құлықтар жүйесіне «PRIME» сөзін құрайтын осы бес ағылшын әрпі атау берді.

Бүгінгі күні «Самұрық-Қазына» қызмет­керлерінің күш-жігерінің арқасында түбе­гейлі түрде жаңа корпоративтік экожү­йенің құрылып отырғаны қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізбек. 

Жақсы бизнес – тиімді бизнес. Сондық­тан трансформацияланған Қор ешқашан бұрынғыдай жұмыс істемейді. Қазірдің өзінде «Самұрық-Қазына» стратегиялық холдингтің, белсенді инвестордың жаңа операциялық моделіне көшіп, қоржындық компаниялардың қызметіне әкімшілік қондырма болудан арылды. Ең бастысы, корпоративтік орталық пен компаниялар арасындағы жауапкершілік аймақ­тары айқындалып, барлық қызметтер коммер­циялық нәтижеге жетуге бағытталған. Бұл ретте акционермен, мемлекетпен, серіктестер және инвесторлармен, қоғам және бенефициарлармен арадағы қарым-қатынасқа жаңаша көзқараспен қараудың қажеттілігі туындап отыр. 

Келешек үшін бес жылдық еңбек

«Самұрық-Қазына» соңғы бес жылда қор мен ел үшін аса маңызды бірнеше кезеңдерден өтті. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заң 2012 жылы қабылданды. Сол кезде басшылық алдында Үкімет пен Қор қызметінің аясын айқындап алу міндеті тұрған еді. «Самұрық-Қазына» БТА, Альянс және Темірбанк банкттерін қайта құрылымдау, сондай-ақ барлық банктік активтерді бәсекелестік ортаға қайтару бо­йынша көп жұмыс атқарды. Шығындарды қысқарту бағдарламасына 2012 жылы айрықша мән беріліп, 2013 жылдан 2015 жылға дейінгі үш жыл аралығында 150 миллиард теңгенің шығындары азайтылды. Сол кезде қазынашылық функцияны басқарудың тұжырымдамалық моделі әзірленіп, енгізілді. 

Қор 2013 жылы инвестициялық қо­ғам­дас­­тық­пен байланыстарын дамытуға баса назар аударды. Ал 2014 жылы Қор мен оның қоржындық компанияларын Трансформациялау жөніндегі ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру басталды. Басты міндет – компаниялар құнын арттыру, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілігін және өнімділігін көтеру. Сондай-ақ Үкімет жекешелендіру бағдарламасына қатысу үшін компаниялар тізімін бекітті. Бұл бағдарлама мемлекеттің ел экономикасына араласуын азайтуға және жеке сектордың үлесін ұлғайту арқылы оны нығайтуға көмектеседі.
2015 жылы Қордың Корпоративтік стратегиясы айқындала түсті. Сол кезде Қор салаларды дамыту, зерттеу және білімді басқару, қаржылық бақылау және бизнес этика (комплаенс) тәрізді бағыттарды белсенді түрде дамытуға кірісті. Ал ЭЫДҰ өкілдерінің қатысуымен әзірленіп, 2015 жылы қабылданған Корпоративтік басқарудың жаңа кодексі ПӘК жүйесі және тиімді Директорлар кеңестері арқылы Қордың өз компанияларын тиімді басқаратын стратегиялық холдинг ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Қор 2016 жылы стратегиялық холдинг, белсенді инвестордың жаңа операциялық моделіне ауысты. Басқарушы директорлардан бастап барлық қызметкерлер Қорда job matching атты іріктеу үрдісінен өтті. Нәтижесінде, Қордың құрамы 40% жаңартылды.    

Соңғы жетістіктердің бірі – «Самұрық-Қазына» АҚ Егемен әл-ауқат қорлар инс­титуты құраған Public Investor 100 - 2017 рейтингінде лайықты орын алды. Қор өзінің көптеген бенчмарктерінен озып, 15 үздік қоғамдық инвесторлардың қатарынан орын алды. Бұған қоса «Самұрық-Қазына» 2017 жылдың қыркүйегінде ТМД аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылған Егемен әл-ауқат қорлардың халықаралық форумының (IFSWF) IX отырысын сәтті өткізді.

Бүгінгі күні «Самұрық-Қазына» Компа­ния­лар тобында жүз елуден астам трансформация жобалары жүзеге асырылуда. Ең ауқымды жобалар 2020 жылы аяқталады. Бү­гіннің өзінде табыстылық бойынша 61 млрд теңге көрсеткішіне қол жеткізілді. Бұл – шы­­ғын­дарды қысқарту мен компанияның та­быс­тылығын арттырудың экономикалық әсері. 

«Самұрық-Қазына» 2022 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес, келесі үш салада әлемдік үздік тәжірибе деңгейіне жетуді көздейді: өзінің қоржындық компанияларына стратегиялық және белсенді инвестор болу, ұлттық экономиканы жаңғырту және тұрақ­ты дамуды қамтамасыз ету. Басқарма тө­рағасы Өмірзақ Шөкеевтің пікірінше, трансфор­мацияның негізгі жоспары жүзеге асырылды.            

– Қазір біз ұлттық компанияларда трансформациялау үрдісін мәресіне жеткізу, корпоративтік басқару жүйесін енгізу, ІРО нарығына шығу сынды мәселелерге баса көңіл бөліп отырмыз. Жалпы, Қор болашақ ұрпақ үшін қызмет етуі тиіс. Алдағы уақытта компаниялардағы үлесін қысқарта келе, «Самұрық-Қазына» әлем нарығындағы ірі қаржы ойыншысына айналмақ, – деді ол өз сөзінде.