11 Қараша, 2011

Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу

600 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Еліміздің барлық аймақтарынан келген Тәуел­сіз­дік құрдастары «Нұр Отанның» Орталық апп­а­ра­тында өткен кездесудің кейіпкерлеріне айналды. Олардың ішінде жас болғанына қарамастан бүгіннің өзінде қандай да бір салада өзін үздік көрсете алған мемлекеттік марапаттардың иегерлері, ғылыми жұмыстардың авторлары, есімі жұртқа танылған спортшылар бар. Кездесудің ашылуында сөй­леген сөзінде партия Төр­аға­сы­ның бірінші орынбасары Нұр­­лан Нығматулин еліміз жиырма жыл­да орасан зор жетістіктерге қол жеткізгенін айтып өтті. «Бү­гінгі кездесуге қатысып отырған жас­тар­ға қарап, біз тәуел­­сізді­гіміз бар­ша қазақстандықтарға үлкен мүмкіндіктер бергенін кө­ріп отыр­мыз. Себебі, елімізде жас­тардың өз әлеуетін іске асы­руына бар­­лық жағдайлар жасал­ған. Бұл – ең алдымен, Елба­сымыз, «Нұр Отан» партия­сы­ның Төрағасы Нұрсұлтан Назар­баевтың 20 жыл бойы жүргізіп отырған саяса­ты­ның арқасында мүмкін болғаны сөзсіз», – деді партия Төраға­сы­ның бірінші орынбасары. Кездесуге қатысқандардың ішінде математикалық олимпиа­далардың бірнеше мәрте алтын жүлдегері Санжар Оразбаев пен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан ІІІ дә­­­ре­желі «Айбын» орденін алған Ербол Отарбаев сияқты жастар бар. Ербол әрқашан Елбасының, «Нұр Отан» партиясының жас­­­тар­ға деген қамқорлығын сезінетінін айта келе, өзінің әскери қызметінде одан да жоғары же­ңістерге жетуге дайын екенін айтты. Мәди Жұмабеков кездесуге қатысушылардың бірі, 20 жа­­­сын­да-ақ ол күріш өндірумен ай­налысатын шаруа қожалы­ғы­ның жетекшісі болды. Биыл осы дақылдың әр гектарынан 50 цент­нердей өнім алған. Жиналғандардың ішінде елі­­міздің танымал спортшылары да бар. Мысалы, көркем гимнастика бойынша халықаралық санат­тағы спорт шебері, XVI жазғы Азия ойындарының чемпионы Марина Петракова және самбодан әлем және Азия чемпионы Ділбар Өміралиева. Бұл қыздар­дың 20 жасында мақтан етер жетістіктері аз емес. Себебі, олар­­­дың есімдері тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге таныл­­­ған. Ділбардың айтуынша, ха­­лық­аралық турнирлерге қатыс­­қан кезде өз елін, өз Президентін ерекше мақтан етеді. 1991 жылы дүниеге келгені ол үшін зор мақтаныш. Қазақстанның бо­­­лашағы үшін басқалардан кө­бірек еңбек етіп, үлес қосуды өз мақсатым деп санайды Ділбар. Кездесу өте қызықты өтті. Партия Төрағасының бірінші ор­­­­ынбасары Нұрлан Нығма­ту­лин Тәуелсіздік құрдастарына ес­­­телік сыйлықтар табыс етті. «Егемен-ақпарат».