Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2017

ҚХА құттықтауы

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚХА құттықтауы

Құрметті отандастар! 

Сіздерді ұлттық мерекеміз, біздің ортақ табыстарымыз бен жетістіктеріміздің салтанаты – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймыз!

Біз осыдан 26 жыл бұрын ел дамуының мемлекеттік егемендік, адамның еркіндігі, әлеуметтік теңдік, қоғамдық келісім мен ел бірлігі қағидаттарына негізделген жаңа тарихын бастадық.

Бұл біздің мықты әрі жауапты азаматтардың ұлтын қалыптастыру жолымызды алдын ала айқындады.

Тәуелсіздігіміздің әрбір жылы – еліміздің дамуының маңызды кезеңі.     

Өткен жыл еліміз үшін жемісті әрі маңызды оқиғаларға толы болды. 

Ел жүрегі – Астана «болашақтың энергиясы» халықаралық саммитін салтанатты түрде өткізіп, елорданың және ЭКСПО-2017 көрмесі қонақтарының таңданысын тудырды, бізге тағы да елімізді мақтан тұту бақытын сыйлады. 

Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанның ХХІ ғасырдағы табысты дамуының негізі болып табылатын рухани жаңғыру бағдарламасы конституциялық және экономикалық өзгерістерді ұтымды толықтырады.

Бүгінгі таңда барлық қазақстандықтардың міндеті – біздің басты құндылығымыз, еліміздің жетістіктерінің іргетасы – өзге мәдениеттерге деген құрмет пен бауырмалдыққа негізделген ел бірлігі мен келісімді сақтау мен нығайту. 
 
Құрметті отандастар!

Сіздерді баршамыз үшін тарихи таңдауы­мыздың жарқын көрінісі – өз тағдырымызды өзіміз шешетін, даму жолымызды өзіміз таңдау құқығын тарту еткен мерекемен құттықтаймыз! 

Сіздерге Қазақстан халқының гүлденуі мен өркендеуі үшін игі бастамалар мен сәттілік, ізгі үміттер мен жаңа жетістіктер тілейміз.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі