15 Желтоқсан, 2017

Киелі мекендер нақтыланды

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының жүзеге асырылу барысын талқылау бойынша «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. 

Киелі мекендер нақтыланды

Жиынға кеңес мүшелері, Мәжіліс депутаттары, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері мен кәсіби сарапшылар қатысты. Іс-шара барысында «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғалиұлы қасиетті орындар туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, Қазақстанның киелі мекендері ерекшеліктеріне орай бөлінген. Мәселен, табиғи тұрғыда қалыптасқан қасиетті орындар дербес қарастырылған. Олардың қатарында Қоңыр әулие үңгірі, Хан Тәңірі, Шарын шатқалы секілді мекендер бар. Археологиялық ескерткіштер мен орта ғасырдағы шаһарлар келесі бөлімге енген. Сондай-ақ Б.Әбдіғалиұлы «Қазақстанның қасиетті жерлерінің жалпыұлттық және аймақтық тізімі» деген кітап жарыққа шығатынын мәлімдеді.  

«Қазақстанның қасиетті жерлерін бекіткенде олардың мәртебесін айқындау арқылы ескерткіштерді қорғау жөніндегі заңға өзгеріс енгізуді көздеп отырмыз. Мәдени ескерткіштерді қорғау туралы заңға «Қасиетті орындар» деген тармақты қосу жоспарда бар. Осындай қадам арқылы әр мекеннің ғылыми әрі заңды түрде анықтамасы беріледі. Осылайша, Қазақстандағы қасиетті орындардың мәртебесі заңды түрде белгіленеді», деді Б.Әбдіғалиұлы. 

Сонымен қатар іс-шарада «Қа­зақ­станның киелі жерлерінің геогра­фиясы» жобасының орындалу барысы жөнінде Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан атқары­лып жатқан жұмыстар баяндалды. Отырысқа қатысушылар осы төңі­рек­те ой қозғап, өз пікірлерімен бөлісті. 

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45