Алда болатын матчтың билетінің тең жартысынан көбісі сатылып кетті, деп хабарлайды «Барыс» ХК баспасөз қызметінің жетекшісі Евгений Акманов команданы жаттықтыру кезінде.
«Жұлдызды матчтың билетінің 70% сатылды. Билеттің бағасы 1500 теңгеден 10 000 теңгеге дейін барады», - деді Е.Акманов.
«Жұлдызды хоккей апталығы» 10-14 қаңтарда астаналық «Барыс-Аренада» өтеді, онда 12 мың көрермен сыяды. Қазақстан мұндай іс-шараны өткізудің құқығын бірінші рет ұтып алып тұр».
«Бұл Астанада ірі ауқымда өтетін оқиға және үлкен мақтаныш. Ресей, Беларусь, Латвия, Финляндия, Чехия, Словакия, Қытай хоккейінің топ-жұлдыздары бірінші рет Қазақстанға келмек. Сондықтан, жұлдызда апта - жастар, қыздар, ерлер қатысатын жаңа форматта өтеді», - деп бөлісті ол.