Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2017

Қанат Ислам «Құрмет» орденімен марапатталды

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпқой боксшы Қанат Исламды «Құрмет» орденімен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қанат Ислам «Құрмет» орденімен марапатталды

Сонымен қатар Қазақстан Президентінің қолынан «Құрмет» орденін «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Қастек орта мектебі» КММ мұғалімі Базаркүл Бердікенова, «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК дәрігері Төлеген Мүтішев, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, киноактриса Әсел Сәдуақасова алды.

Ал үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның болат қорытушысы Игорь Китаевқа, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы «Астана Балет театры» ЖШС бас балетмейстері Мукарам Абубахиреваға, «Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РММ профессоры Жандарбек Мәлібекұлына берілді.

Екінші дәрежелі «Даңқ» орденімен Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы Андрей Каскеленов, Аумақтық қорғаныс бас басқармасының бастығы - ҚР ҚК аумақтық әскерлерінің бастығы Сұлтан Қамалетдинов марапатталды.

Екінші дәрежелі «Айбын» ордені Қорғаныс министрлігі 18404 әскери бөлімінің командирі Жанат Ермұхановқа, ҰҚК Терроризмге қарсы қызметі Терроризмге қарсы оралығының штаб бастығы Жанат Сайполдаевқа, үшінші дәрежелі «Айбын» ордені Мемлекеттік күзет қызметі «Айбын» 0112 әскери бөлімінің бөлімше командирі Ержан Жақаевқа берілді.

«Ерлігі үшін» медалі СҚО ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел кезекшісі Руслан Базарбаевқа, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басқарма басшысының орынбасары Андрей Югайға табыс етілді.

 

Соңғы жаңалықтар