Парламент • 16 Желтоқсан, 2017

Сенаторлар марапатталды

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. 

Сенаторлар марапатталды

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың біздің ең басты байлығымыз – Тәуелсіздік екенін айтқан сөзін еске салды.

Парламент жоғарғы Палатасы­ның басшысы «Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің көреген саясатының арқасында еліміз Тәуелсіздік жылдары небір сын-қатерлерден сүрінбей өтіп, талай белестер мен биіктерді еңсерді. Бірлігі жарасқан, әлем таны­ған елге айналдық. Мәңгілік Ел болуды бағдар еткен қуатты мемле­кетті қалыптастырдық», деп атап өтті.

Сенат басшысы депутаттар мен Палата Аппаратының қызмет­керлеріне Елбасының кешенді бағ­дар­ламаларын, ел егемендігі мен мемлекетіміздің қарқынды дамуын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз еткені үшін алғыс білдіріп, бірқатар азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, халықтар арасындағы достық және ынтымақтастықты нығайтқаны үшін наградалар табыс етті. Атап айтқанда, Сенатор Серік Бектұрғанов, Бек­мырза Еламанов, Сергей Плот­ников «Парасат» орденімен, Мұрат­бай Жолдасбаев II дәре­желі «Достық» орденімен, Нұрлан Қылы­ш­баев «Құрмет» орденімен, сенатор Дариға Назарбаева ТМД Парламентаралық Ассамблеясының шеші­мімен «Содружество» ор­дені­­мен, Рашит Әкімов, Мұрат Бақ­тиярұлы, Бекмырза Еламанов, Ду­лат Құсдәулетов, Ольга Перепе­чи­на, Марат Тағымов ТМД Парламен­т­ара­лық Ассамблея­сының «Парла­мент­а­ра­лық ынтымақ­тастықты нығайт­қаны үшін» медалімен марапатталды.

Қажырлы қызметі үшін депутаттар Әли Бектаев, Серік Бектұрғанов, Мұратбай Жолдасбаев, Дархан Кәлетаев, Георгий Ким, Нұрлан Қылышбаевқа ТМД Парламент­аралық Ассамблеясының Құрмет грамотасы табыс етілді.

Парламент Сенаты Аппараты­ның бірқатар қызметкерлеріне де марапаттар табыс етілді.