Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2017

Ассамблеядағы марапаттау

598 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Жарлығына сәйкес Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтар ара­сындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қос­қан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ҚХА мүшелеріне, этномәдени бірлестіктердің, шығар­ма­шыл және ғылыми зиялы қауымның өкілдеріне мем­лекеттік наградалар тапсырды.

Ассамблеядағы марапаттау

«Парасат» орденімен «Дустлик» Қазақстан өзбек­те­­рінің этномәдени бірлес­тік­терінің қауымдастығы» ЗТБ мүшесі Розақұл Халмұрадов, «Наири» Қазақстан Респуб­ликасының армян мәде­ни орталықтарының қауым­дас­тығы» Республикалық қоғам­дық бірлестігінің төрағасы Ар­туш Карапетян, қоғам қай­рат­кері, «Ақмола-Бетон» ЖШС директорлар ке­ңе­сінің тө­рағасы Рымбек Жүнісов ма­ра­патталды.

ІІ дәрежелі «Достық» ор­дені Қазақстан Республикасы «Оң­түс­­тік Қазақстан об­лыс­тық грузин мә­дени ор­та­­л­ы­ғы» ҚБ төрағасы Заал Бочо­риш­ви­лиге тапсырылды.

«Құрмет» орде­ні­мен «Қазақстан әзер­бай­жан­да­ры­ның қауым­дас­тығы Солтүстік аймақ жә­не Астана қаласы бойынша» республикалық қоғамдық бір­лес­тігі төра­ға­сының орынба­сары Фаиг Мах­мудов, Қазақ ұлттық өнер уни­вер­си­тетінің доценті Дамир Султанов марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалі­мен Ә.Қастеев атындағы Оңтүс­тік Қазақ­стан өнер және дизайн колледжі­нің оқы­тушысы Виталий Симаков, Пре­зи­дент жанындағы «Қоғамдық ке­л­і­сім» Республикалық мем­ле­кеттік ме­кемесі Алматы қа­ла­сындағы Дос­тық үйінің қыз­ме­тін қамтамасыз ету бөлімінің мең­герушісі Гүлсім Дү­кенова, Пре­зидент жанындағы «Қоғамдық ке­лісім» Республикалық мем­лекеттік ме­кемесі баспасөз хат­шылығының мең­герушісі Қымбат Досжан марапат­талды.

ҚХА-ның «Бірлік» алтын медалі Ақмола облысының «Зама» чешен-ингуш мәдени ор­талығы» қоғамдық бірлес­тігі­ төрағасының орынба­сары Дин-Магомед Асаев, «Дус­лык» татар мәдени-ағар­ту орталығы» қо­ғам­дық бір­лес­тігінің төрайымы Ян­нат Ни­замутдиноваға тапсырылды.

ҚХА-ның Құрмет грамо­та­сы мен алғыс хаттары «Ара­рат» қоғамдық бір­лесті­гі­­нің төрағасы Гачик Гри­го­рян, Ақ­мола облысының татар-баш­­құ­рт
этномәдени бірлестігінің т­ө­­­рағасы Рафаил Сулькарнаев, «Са­кина-KZ» жауапкершілігі шек­­теулі се­рік­тестігінің дирек­торы Хусей Су­ровқа тапсырылды.

«Егемен-ақпарат»