Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2017

Журналист Бекболат Әдетов Талғар ауда­­нының құрметті азаматы атанды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік мерекесі талай тұлғалы азаматтарға жақсылығымен келді. Ты­нымсыз тіршілік кешкен отандастарымыз сол ерен еңбектерінің же­місін көруде. Соның бірі қазақ баспасөзінің ардагері, Қазақстанның Құрметті журналисі Бекболат Әдетов Алматы облысы, Талғар ауда­­нының құрметті азаматы атанды. 

Журналист Бекболат Әдетов Талғар ауда­­нының құрметті азаматы атанды

Орайы келіп тұрғанда Бекболат Әдетов толайым публицистикалық туындыларынан бөлек, «Бәйшешек», «Алтынай», «Жердегі жұлдыздар», «Іңкәр көңіл» атты көркем шығармалардан тұратын төрт кітаптың авторы, 8 романды қазақ тілінде сөйлеткен тамаша аудармашы екенін айта кетелік.

Қазақ журналистикасының академигі, 70-80-жылдардағы «Социалистік Қазақ­стан» басылымының белді журналисі, болмысы бөлек, жаратылысы жайсаң Бекбо­лат Әдетов жайлы белгілі ақын Өте­ген Оралбайұлы бір өлеңінде:

Бір сөзді білмей қалсаң Бекеңе бар,

Жатсынбас, жатырқамас жетеңе бар,

Әлгі сөз құлын-тайдай құлдыраңдап,

Өріске ойнақ салып кетеді олар...

Бекеңе сәлем берем сағынып бір,

Көп термин күтім таппай жабығып тұр.

Қазақтың небір сөзі, тұман басып,

Бекеңе жол таба алмай қамығып тұр, – 

дейтіні бекер емес.

– Журналистикаға барғаныма, осы өмірді көргеніме өкінбеймін. Түбірлей ал­ғанда, өз тағдырыма шынымен-ақ қы­зығамын. Небір жақсылар мен жай­­­саңдарды көрдік. Дәмдес-тұздас бол­дық. Том-том кітап жазбасақ та қы­­рық жыл­дай елдің тарихын бірге жазыс­­тық. «Шарлаған жолым жатыр жер бетінде» деп Қасым Аманжолов айт­пақшы, ірілі-ұсақты газет-журнал бет­терінде, әсіресе қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Егемен Қазақстанда» қолтаңбамыз қалды. Қала­мымыздың қарымы да жүрегіміздің жалыны да сонда жатыр, – дейтін ақжүрек ағаға табыстар жалғасын тапсын деп тілейміз.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше