Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2017

Көкшетауда «Алаш мұраты – Тәуелсіз Қазақ елі» атты ақындар мүшәйрасы өтті

493 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарап отырсақ, Алаш қозғалысына да бір ғасырдай уақыт болып қалыпты. Осы айтулы датаға, яғни Алаш қозғалысының 100 жылдығына орайластырып Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Алаш мұраты – Тәуелсіз Қазақ елі» атты қалалық ақындар мүшәйрасын өткізді.  

Көкшетауда «Алаш мұраты – Тәуелсіз Қазақ елі» атты ақындар мүшәйрасы өтті

Аталған шараны өткі­зу­­дегі басты мақсат – Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық ма­қаласы аясында еліміздің кешегісі мен бүгінгісін тү­­ген­деп, болашаққа бағ­­дар жасау. Тәуелсіз Қазақ­­станның бүгінгі кел­бетін қалыптастырған құн­ды­лықтар және кешегі мемлекет құрудағы «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің қадамдары ақын­дар жырларына өзек болды. Әсіресе Алаш арыс­тарының ісіне тарихи баға беру арқылы олардың өскелең ұрпаққа қалдырған өсиеттерін насихаттауға, жас ұрпақ бойына пат­риот­тық тәрбиені сіңіру жайына және де ұлттық құндылықтар мен рух­а­ни мұраларды ашып көр­сетуге ерекше мән берілді. Бұл ретте ақындар қазақ тарихында өшпес із қал­дырған қайраткерлерді де жырларына арқау етті. Мүшәйраға жасы 16-дан асқан ақындар қа­ты­сып, өздерінің бақ­та­рын сынап көрісті. Ең басты шарт, ақындар өз өлең­дерін бұрын еш жер­де жарияламаған бо­луы тиіс және тәуел­сіз­дікке арналған болуы шарт. Ал шығарма кө­ле­міне ешқандай шек қойылған жоқ. Сонымен қа­зылар алқасының ше­шімімен бас жүлдені Ш.Уәлиханов атындағы Көк­шетау мемлекеттік уни­верситетінің студенті Күләш Нысанбек жеңіп ал­ды. Бірінші орын Көкен Шәкейұлы атындағы ақын­дар мектебінің шәкірті Қарашаш Ұғыланға бұйыр­са, екінші орынды «Бу­рабай» колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пә­нінің мұғалімі Серғазы Қайырболды иеленді. Үшінші орынды Көкен Шә­кейұлы атындағы ақын­дар мектебiнiң шәкiртi Думан Самат иеленіп, ай­тулы ақындар мектебі қатысушыларын тағы бір қуантты. Қатысушылардың барлығы да бағалы сый­лықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы