Өскемен мен Семей қалаларының жас кәсіпкерлерінің еліміздің ең басты мерекесі құрметіне орай «Біздің жетістіктер – біздің елге» атты акция бастағаны сөзімізге дәлел. 10-20 желтоқсан күндері аралығында өтетін акция аясында бірқатар тауарлы белгінің өнімдері арзандатылған бағамен саудаланбақ. Бастамаға қатысатын фирмаларды «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жеңілдіктер» деген жазуы бар тақтайшаларынан тануға болады. Аталған тақтайшаларда тауарларға қатысты қарастырылған жеңілдіктер жазылып тұруы тиіс.
«Бутигімді осыдан екі жыл бұрын ашқанмын. Бүгін Тәуелсіздік күніне орай мерекелік жеңілдіктер акциясын өткізудеміз. Акция аясында желтоқсанның 10-ы мен 20-сы күндері аралығында біздегі костюмдер мен көйлектерді 30 пайыздық жеңілдікпен сатып алуға болады», дейді акцияға қатысуға ниет білдірген жас кәсіпкердің бірі Арман Төлеуханов.
Жас кәсіпкерлер облысымыздың барлық кәсіпкерлерін аталмыш бастамаға қолдау білдіріп, мереке күндері жұртшылыққа жеңілдіктер жасауға шақыруда.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН