Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2017

Қостанайда бірінші коммуналдық қызмет орталығы ашылды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді қостанайлықтар коммуналдық қызмет түрлерінің ақысын бір орталықтан төлейтін болды. Қостанайда бірінші коммуналдық қызмет орталығын «Қостанай Су» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорны өз бастамасымен ашты.

Қостанайда бірінші коммуналдық қызмет орталығы ашылды

«Енді қалалықтар коммуналдық қызмет түрлері ақысын бұрынғыдай «КТЭК», «Костанай-Су», «Тазалык–2012»  және басқа да кәсіпорындарды іздеп жүрмей, бір жерден, бір операторға төлейтін болады. Бұл үшін қала әкімдігі «Қостанай Суға» ғимарат ұсынды, олар ғимаратты жөндеп, ретке келтіріп, осы орталықты ашты», деді Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов.

«Қостанай Су» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорны бұл жұмыс үшін 15 миллион теңге қаржы жұмсады. Орталық таңғы 08.00-20.00-ға дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Бұл тұрғындарға өте қолайлы болмақ. «Қостанай Су» МКК директоры Еркебұлан Файзулаев орталықты жөндеуге, жабдықтауға кеткен қаржы үнемделген, түскен табыстың есебінен жұмсалғанын айтты. Сонымен қатар, мұнда тек коммуналдық қызметтің ақысын ғана төлемейді, тұтынушының оған қатысты сұрағы болса ол кәсіпорындарды араламай-ақ, осы жерден шешуіне болады. Орталықта коммуналдық қызметтің 20 түрінің ақысын төлеуге болады, олардың тізімі жазылған. Орталық коммуналдық қызмет түрлері үшін ең көп дегенде 50 теңге ғана комиссия ұстайтын болады.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар