Күрес • 16 Желтоқсан, 2017

«Қазақстан 1» құрамасы «Еуразия Барысы» атанды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ күресінен Алматыдағы «Алматы Арена» спорт сарайында өтіп жатқан «Еуразия Барысы» турнирінде «Қазақстан 1»  құрамасы бас жүлдені жеңіп алды.

«Қазақстан 1» құрамасы «Еуразия Барысы» атанды

Финалда «Қазақстан 1» құрамасы мен Алматы облысынан құралған «Қазақстан 2» командалары кездесті. Тартысты өткен белдесуде «Қазақстан 1» жеңіске жетті.

Өзбек балуандары жартылай финалда Жапония балуандарын 6:2 есебімен ұтып, үшінші орынға ие болды.

Жалпы, «Еуразия Барысы» турниріне Бразилия, Жапония, Камерун, Грузия, Моңғолия, Түркия, Өзбекстаннан бір-бірден құрама командалар қатысса, Қазақстаннан екі команда сынға түсті.

Бұлардың арасында Бразилия, Жапония, Камерун командалары қазақ күресінен «Еуразия Барысы» турниріне тұңғыш рет қатысып отырғанын айта кеткен жөн.

Сонымен бірінші орын алған «Қазақстан-1» командасы 10 миллион теңгеге, екінші орын алған «Қазақстан-2» құрамасы алты миллион теңгеге және үшінші орын иеленген Өзбекстан комансына төрт миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.