Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2017

Маңғыстауда «Болашақ» шекара бекеті ашылды

718 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан-Түрікменстан шекара шебінде ҚР ҰҚК ШҚ Жағалау күзеті өңірлік басқармасы 2018 әскери бөлімінің «Болашақ» шекара бекеті салтанатты түрде  ашылды.

Маңғыстауда «Болашақ» шекара бекеті ашылды

2018 әскери бөлімінің жеке құрамы Қазақстан Республикасының транзиттік аймағы болып табылатын Қазақстан-Түркменстан бағытындағы Мемлекеттік шекараны сеніммен күзетіп келеді. Осыған дейін шекара заставасының күнделікті қызметтік – жауынгерлік іс-әрекеттері жылжымалы модуль типтерінде ұйымдастырылып келген болатын. Енді әскери құрам жаңа бекетте Отан алдындағы парызын орындай алады.

Ашылу салтанатына арнайы барған облыстық мәслихат хатшысы Серікбай Трұмов Қазақстан шекарашыларының халық пен елдің мүддесіне риясыз қызмет ететіндігіне, әскери антқа және қызметтік парызға адал болатындығына сенім білдірді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекарашылары Мемлекеттік шекараның қол сұғылмауын, шекара кеңістігіндегі заңдылықты және тиісті тәртіпті орнатуды орындаумен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын сенімді қорғау тапсырмасын асқан ерлікпен атқарып келеді.

7 жылы ҚР ҰҚК ШҚ Жағалау күзеті өңірлік басқармасы әскерилерінің көмегімен мемлекеттік шекараны заңсыз бұзған 10-нан астам адам ұсталып, оларға 2 100 000 тенге айыппұл салынса,

60-тан астам жүзу қайықтары ұсталған. Сондай-ақ, 2000-нан аса бекіре балығы мен  1500-ден астам түрлі балықтар тәркіленген және 800 мың метрден астам тор алынып тасталған. Жалпы, 24 қылмыстық және 989 әкімшілік іс қозғалған.

Шараға қатысушылар шекара қалашығының инфрақұрылымымен, сондай-ақ автокөлік және арнайы техникасымен танысты.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы