Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2017

ШҚО-да суға жүзуден ашық кубок басталды

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде Тәуелсіздік күніне орай 2006-2007, 2008-2009, 2010-2011 жылдары туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында «Спорттың су  түрлері федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ашық кубогі өтуде.

ШҚО-да суға жүзуден ашық кубок басталды

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне сенсек, аталмыш жарысқа Өскемендегі «Чайка», «Дельфин», «ШҚО су спорты түрлері бойынша кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ тәрбиеленушілерінен бөлек, Талдықорған, Риддер қалаларынан барлығы 150 спортшы қатысуда.

Сайыс жүзудің 4 түрлі әдісі бойынша өтеді. Олар: 50 м қашықтықтағы баттерфляй, 50 м арқамен жүзу, 50 м брасс және 50 м еркін стиль сынды жүзу түрлері. Осы 4 жүзу әдісі қорытындысында әр жас ерекшелігі бойынша үздіктер анықталады. Жақсы нәтиже көрсеткен суда жүзушілер келер жылы өтетін республикалық жарыстарда өңір намысын қорғайтын болады.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН