Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2017

Маңғыстаулық полицейлер арасында тіл тақырыбында сайыс өтті

439 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде  16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында «Тілім - тәуелсіздігімнің  жемісі»  тақырыбында сайыс өтті.

Маңғыстаулық полицейлер арасында тіл тақырыбында сайыс өтті

Алдымен еліміздің Әнұраны орындалған сайыс-сабақ қазақтың ұлы ақын, жазушыларының  қазақ тілі туралы жазылған қанатты сөздерінің мағынасын ашудан басталды. Сайысты жүргізуші  маман  

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде» деген сөзін келтіре отырып, Қазақстанның әлемдік арнадан алатын  орны,  тәуелсіздік алған кезеңнен бергі жетістіктері, Қазақстан халықтары Ассамблеясы  туралы айтып берді. Елімізде өткен  маңғызды оқиғалар: Астана Саммиті мен  бүкіләлемдік маңыздағы ЭКСПО-2017  халықаралық көрмесінің  өту маңызының Қазақстанның халықаралық аренадағы ролін, сонымен қатар Егемендіктің арқасында қолымыз жеткен Әнұранымыз, Туымыз бен Елтаңбамыз, қазақ тіліміз, төл теңгеміз – мақтанышымыз екендігін атап көрсетті сайысты ұйымдасытрушы маман.  

Бірінші кезеңде тәртіп сақшылары қазақ тілі, Отан, Туған  жер, ел тәуелсіздігі тақырыбына  өлең  оқудан  сайысқа түсті. Жоғары оқу шеберліктері жоғары бағаланып, мәнерлеп оқудан  ІІД Техникалық қызмет басқармасының қызметкері  Мұрзағалиева Дина мен  Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы Азизаев Төренияз алда болды. Екінші кезең  «Тәуелсіздік шежіресі» деп аталды. Қатысушылар «Тәуелсіздік»,  «Астана», «Рәміздер» атты тақырыпта  өз білімдерін  сынады. «Астана» тақырыбы  бойынша  Елордамызда  өткен  маңызды  шаралар  төңірегінде ой қозғаса, «Тәуелсіздікке» сөз кезегі келгенде, еліміздің   жеткен жетістіктері тарихи құндылықтары туралы әңгімеледі. Полиция қызметкерлеріне Желтоқсан оқиғасының өткен мерзімі, оған қатысқан  ер жүрек қыздарымыз бен ұлдарымыздың  өмірі  туралы сұрақтар қойылды. Сайысқа қатысушылардың бірі Желтоқсан құрбаны «Халық қаһарманы» Қайрат Рысқұлбековтің өлеңін үлкен әсермен оқып берді.   Өлеңді тыңдап тұрып, әрбір қыз бен жігіт Қайраттың  сол кездегі  жүрек тебіренісін сезінгендей болды.   

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы