1991 жылы елімізде жаңа тәуелсіздік дәуірі басталғаны белгілі. Тәуелсіздіктің арқасында еліміз көптеген саяси, экономикалық жетістіктерге қол жеткізді. Нарықтық қатынастарды дамыта отырып, Қазақстан өзіндік ұлттық экономикасын қалыптастырды. Осының барлығы Елбасы кітабында қамтылған.
Бүгінгі таңда Қазақстанда бұрын-соңды болмаған мұнай-химия, автомобиль өнеркәсібі, темір жол, машина жасау, ІТ-технологиялар, ғарыштықспутниктік өндірістер құрылып, жемісті жұмыс атқарып келеді. Соңғы 4 жылдың ішінде 630 индустриялық жоба іске қосылды. Бұл Мәңгілік Ел болуды мұрат тұтқан Отанымыздың осы мақсат жолындағы іс-қимылының нәтижесі деп білеміз.
Бүгінгі таңда Елбасының бастамасы бойынша әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі, Транскаспий халықаралық көлік маршруты секілді бірқатар стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды. Соңғы төрт жылда 9000 балабақша, 400-ден астам орта мектеп, 600-ден астам денсаулық сақтау нысандары қолданысқа берілді. Осы ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктердің барлығы оңайлықпен келген жоқ. Мұны Президенттің сарабдал саясаты мен дана басшылығының бүгінгі нәтижесі деп білу керек. Осы жолда еліміздің басынан өткен, Елбасымыздың басшылығымен шешімін тапқан маңызды оқиғалардың барлығы жаңа кітапқа арқау болған. Ел тәуелсіздігінің тарихын, бағындырған белестерін білгісі келген әрбір адам үшін жаңа кітаптың қызықты болары сөзсіз.
Әріпхан САДЫҚОВ,
экономика ғылымдарының докторы, профессор
Түркістан