12 Қараша, 2011

Қазіргі қарқын қуантады

331 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
ПАРЛАМЕНТ "Егемен Қазақстанның" арнаулы беті Осынау тарихи мерзім ішінде еліміздің қол жеткізген жетістіктері үшін Қазақстанның әрбір азаматы мақтанышпен айта алатын жағ­дай­ға қолымыз жетті. Қазіргі өмірдің бізді бұрын бастан кешірмеген, ойымызға кірмеген ұлы өзгеріс­терге бастап алып келе жатқан екпінді ұмтылысын, соның куәсі ретінде көруге болады. Ел экономикасында батыл да жүйелі, жігерлі де жедел өзгерістер жүргізіліп, тың нәтиже жолдарын іздеп, алға еркін адымдап келе жатқан еліміздің еренді еңбекте­рінде, әрине, Елбасымыздың еңбегі ерекше екендігін әрбір қазақ­стан­дық толық түсінеді.                Бәріміздің есімізде, Мемлекет бас­шы­сы еліміздің ұзақ мерзімге арналған дамуын өзінің «Қазақ­стан-2030» Стратегиялық бағдарла­масында айқындап берді. Сол стра­тегиялық бағдарлама бүгінде ойда­ғыдай жүзеге асуда. 2006 жылғы Елбасы Жолдауында қойылған бас­ты стратегиялық бағытымыз – бәсе­кеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу. Міне, сол күнімізге, дәл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық тор­қалы тойы қарсаңында қолымыз жетіп, тағы да Қазақстанның қан­дай ел екендігін дәлелдеп, бағы­тымызды нақты көрсете білдік. Дүниежүзілік экономикалық нә­ти­желерді талдау барысында Ха­лықаралық қаржы корпорациясы мен Бүкіләлемдік банк жаңа жаһан­дық рейтингін жариялаған кезінде, Қазақ елі бірден 12 тұғырға жоғары көтеріліп, 47-орынға шықты. Міне, әлемдегі 50 елдің қатарына қосы­ламыз деген алдымыздағы негізгі мақ­сат орындалып қана қоймай, Қазақ­стан «инвесторларды қорғау» дәре­жесі жағынан да бүкіл әлем бойынша «әлемдік ондыққа» кіріп отыр. Сонымен бірге, еліміз салық салу жүйесінде де үздік деп табы­лып, ең озық 13 елдің қатарынан көрінді. Қол жеткен қуанышты көрсет­кіш, әрине, қалталы кәсіпкерлер мен ірі кәсіпорындар, қай елге қар­жылық салым салу туралы таңда­ғанда, сөз жоқ рейтингі жоғары мемлекеттерге аяғын тірейтіні белгілі, сол сенімді мемлекетке ірі инвестиция салуға ниетін білдіреді. Алдын ала бәрін болжап, есептеп қойған Елбасымыз мемлекетіміздің экономикасына жыл сайын 10 млрд. доллардан кем емес шетелдік инвестиция салуды Үкімет алдында міндеттеуі, келешекте еліміз бұдан да биік сатыға көтерілуіне жаса­лы­нып жатқан көрегендік деп түсінуге толық негіз бар. Бүгінгі таңда еліміз ТМД-ның кейбір елдерін артқа қалдырып, көш бастап даралана бастаған мезгілі. Ендігі алда тұрған ұлы мақсат – индустриялық-инновациялық жа­ғынан қуатты дамыған елдердің қатарына қосылу міндеті. Еліміз бұл белесті де бұйыртса, бағын­дыратынына толық сенім бар. Құрманғали УӘЛИ, Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.