12 Қараша, 2011

Теңге күні қарсаңындағы кездесу

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет коми­тетінің бастамасы бойынша депутаттар мен Қазақ­стан Респуб­ликасы Ұлттық банкінің Банкнот фабри­ка­сы және Теңге сарайының басшыларымен кездесті. Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Р.Ахметов Ұлттық валюта – теңге күні қарсаңында өтіп отыр­ған кездесудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстан теңгесі 1993 жылғы 15 қарашада Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен айналымға енгізілген болатын. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында ұлттық валю­таның тұрақтылығы мен орнықтылығын айта келіп сенатор осыған байланысты мемлекеттің ақ­ша-несие саясатын жүргізудегі Ұлттық банкінің рөлін атап өтті. Кездесуде Ұлттық банк басшысының орын­басары  Б.Тәжияқов, Банкнот фабрикасы мен Теңге сарайының басшылары Ж.Қажымұратов және Ф.Туғанбаев сөз сөйлеп, депутаттардың сауалдарына жауап берді. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күн күрт суытады

Ауа райы • Бүгін, 17:44

Референдум әлемдік БАҚ назарында

Референдум • Бүгін, 15:45