Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2017

«Тәуелсіздік дәуірінің» дипломатиясы

708 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабында Қазақстанның қазіргі заман тарихы мейлінше толық, ауқымды және қолжетімді баяндалады. Бұл кітапта жаңа қазақ мемлекеттілігінің пайда болып, қалыптасуы мен алғашқы қадамдарын қамтыған 26 күрделі жыл туралы бірінші жақтан әңгімеленеді. 

«Тәуелсіздік дәуірінің» дипломатиясы

Әрбір тараудан кейін ерік­сіз қойылатын сұрақтарға тап боласыз: Егер Қазақстан өзінің даму барысында басқа жолды таңдаса не болатын еді? Ал жауап бүкіл кітаптың өн бо­йында қамтылады: ширек ғасыр бойы еліміз Президент Н.Назарбаевтың ұзақ мерзімді пайымының логикасына сәй­кес дамыды. Менің ойым­ша, келісім мен реформалар осы пайымның екі негізгі құ­рамдасы болып табылады.

Президент елімізді жаң­ғыр­­­ту­дың үш толқынын кеңінен ашып көрсетеді. 1991 және 2017 жылдардағы Қазақ­стан­ды салыстырсақ, бұл эко­но­мика, оның халықаралық ұс­танымы, қоғамдық ментали­тет тұрғысынан алғанда мүл­дем екі түрлі мемлекет. Бү­гін халқымыз әлемдегі ең бе­дел­ді, қар­қынды дамып келе жат­қан ел азаматтары ретінде бо­ла­шақ­қа сеніммен қарайды, кең және мүлдем жаңаша ойлайды. «Біз әлемге және болашақ ұрпақтарға шынайы ұлы нәтиже – Қазақстанды тәуелсіз ел ретінде көрсете білдік», деді Президент. Сондықтан да бұл біз үшін ұлы дәуір болып са­налады», дейді Президент. Алайда Мемлекет басшысы үшінші жаңғыру миссия­сы жа­ңадан басталғанын және ал­дымызда үлкен жұмыс тұр­ғанын ескертеді.

Тәуелсіздік дәуірі халық­ара­лық қатынастардың алғы сах­­насына қазақстандық дип­ломатия феноменін ұсы­нды. Бұл әдеттегі сыртқы қа­ты­нас­тар туралы емес, яд­ро­лық қарусыздану мен ядро­лық қаруды таратпау са­ла­сын­да, өңірлік өткір дағ­да­рыстарды реттеуде, қау­іп­сіз­­дікті нығайтуда, ты­ғыз эко­­номикалық ынты­мақ­тас­тық­­ты орнатуда және ірі ха­лы­қ­­­аралық ұйымдарды бас­қа­ру­да өзін-өзі айқын көр­сет­кен жа­һандық дипломатия туралы әңгімелейді.

Президентіміздің кәміл се­німі бойынша еліміздің бо­ла­шағы континентіміздің жә­не бү­кіл әлемнің бола­ша­ғымен ты­ғыз байланысты. Сондықтан кіт­апта сыртқы және ішкі саясат арасындағы тығыз және ажы­рамас байланыс тізіле баян­далған: «Бейбітшілік пен келісім идеяларын сырт­қы саясатта ілгерілету осы идеялардың ішкі саясат­та үс­тем болғанының арқа­сын­да ғана мүмкін болды... Мем­ле­кетіміздің сыртқы саяси қыз­меті елдің дамуы мен Қазақ­стан халқының әл-ауқатын жақ­сарту болып табылатын негізгі мақсатымызды қам­т­а­­­масыз етуге толық бай­ла­ныс­­ты. Сәйкесінше, жаңа жағ­­дайларды ескере отырып, мен мынадай мақсат қой­дым: Қазақстанның сырт­қы саясатын ішкі саясаты сияқ­ты жаңарту қажет». Пре­зи­де­нт сыртқы саясатты жа­ңа кезеңге прагматикалық жә­­не белсенді, яғни дәйекті түр­­де ұлттық мүддеге бағ­дар­ланған және ілгерінді саясат ретінде ұсынады. Нұрсұлтан Әбішұлының пікі­рін­ше, дәл осындай бел­сен­ді және бастамашыл саяс­ат «Қазақстан-2050» Стра­те­гия­сын сәтті іске асыру жә­не әлем­нің 30 дамыған елде­рі­нің қатарына кіру үшін ма­ңызды шарты, қолайлы ортасы болады.

«Өзара тиімді шешімдерге, халықаралық проблемаларға деген новаторлық көзқарас­қа, диалогтың жаңа тетік­те­рін құруға, теңдік пен то­ле­рант­тылықты ілгері­ле­ту­де­гі дәй­ектілікке бағыт­та­луы қа­зақ­­стандық дипло­ма­­тияның ерек­шелігі болды. Бұл тәсіл­дер­ді Қазақстан БҰҰ-да және ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ, ЕАЭО, Түркі кеңесін­де­гі төр­аға­лығы кезінде ұсынды. Бұл тәуелсіздік жылдарында жи­нақталған маңызды дип­ло­матиялық капитал Қазақ­стан Республикасын БҰҰ Қау­іпсіздік Кеңесінің тұрақ­ты емес мүшесі ретінде тағай­ын­да­луының алғышарты болды», деп атап өтті Елбасы.

«2017 жылы Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күнделікті жұмысына толық кі­ріс­ті. Осы жаңа тәжірибе Қазақ­станның бітімгерлік әлеу­­етін одан әрі нығайта түс­е­тініне күмәніміз жоқ». Мем­лекет басшысы Қазақ­стан­ның негізгі әріп­тес­тері­мен қарым-қаты­нас­та­ры­ның си­патын нақты және түсі­нік­ті түрде айқындайды. «Қа­зақ­стан Республикасының Ре­сей Федерациясымен та­ту көр­шілік, одақтастық қа­ты­­настары сыртқы конъю­нк­ту­ра­ға және ғаламдық жағ­дай­лар­ға қарамастан аса ба­ғалы. Оған қоса, бұл қаты­нас­тар Еуразиядағы, демек, бүкіл әлемдегі саяси ахуалға оң әсерін тигізеді». Президент өз ойын жалғастыра келе: «Қазақстан мен Қытай мәңгі көрші елдер, сондықтан да маңызды стратегиялық әріптес болып қала бермек», деді. Сонымен қатар Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық әріптестікті дамыту және Еуропалық одақпен кеңейтілген әріптестікке қол жеткізу туралы жан-жақты баяндайды. «Өңірде және әлемде қандай жағдай болса да, түркітілдес мемлекеттермен және Орталық Азия елдерімен сенімді әрі достық қарым-қатынастар Қазақстан үшін бұлжымас басымдық болып қала бермек», деп ай­рықша атап өтті Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, 2017 жылы, яғни Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің 25 жылдығына орай еліміздің сыртқы саясатында жаңа кезең басталды.

Сыртқы істер министрлігі ведомствоға жүктелген жауап­кер­шілікті толық сезінеді және үшінші жаңғыру шеңберінде Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүзеге асыруға белсенді түрде кірісті.

Сондықтан «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегі барлық қазақ­стан­дық дипломаттар үшін Тәу­елсіздік тарихы туралы ең беделді басылым ретінде ға­на емес, сондай-ақ іс-қимыл жа­сауға арналған бағыт-бағдар мен нұсқама ретінде оқуға міндетті кітапқа айналмақ.

Қайрат ӘБДІРАХМАНОВ,

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі