12 Қараша, 2011

Келесі жалпы отырыстың күн тәртібі әзірленді

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамед­жа­новтың жетекшілігімен палата Бюросының отырысы өтті. Халықаралық істер, қор­ға­ныс және қауіпсіздік коми­те­тінің ұсы­нуымен «Қазақстан Респуб­л­и­ка­сының Үкіметі мен Қырғыз Рес­публикасының Үкі­меті арасын­да­ғы Азаматтық қор­ғаныс (қорғау), төтенше жағ­дай­лардың алдын алу және оларды жою сала­сын­дағы ынты­мақ­тас­тық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы жал­пы отырыстың күн тәртібіне енгізілетін болды. Эко­но­ми­ка­лық реформа және өңірлік даму комитеті «Қазақстан Республи­ка­сының кейбір  заң­на­малық актілеріне  мемлекеттік са­тып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарауды ұсынды. Сондай-ақ Үкіметтен Мәжі­ліс­ке келіп түскен бірқатар заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мәселелері қаралатын бол­ды. Соның ішінде халық­ара­лық келісімдерді бекітуді қарас­ты­ратын жаңа заң жо­ба­лары, «Қазақстан Респуб­ли­касының кей­­­бір заңнамалық актілеріне тех­ни­ка­лық реттеу және метрология мәселелері бойынша өз­герістер мен толықтырулар  енгізу ту­ра­лы» заң жобасы бой­ын­ша қоры­тын­ды әзірлеу бар, деп хабар­лай­ды Мәжілістің баспа­сөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар

Берекелі грант

Қоғам • Кеше